Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу тақырыбындағы семинар өтті

20–21 ақпанда Астанада «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.  Семинарды «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы, Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, «Consus Kazakhstan» компаниясы мен Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі Қазақстандық бағдарламасы (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-83/

0
0
277

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 20 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің  Батыс аймақтық филалы инспекторлары Арал аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызыметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  «Мастат-Нұралы» егістік алқабында, Бекбауыл елді мекенінде тұратын 2 азаматты мемлекеттік белгісі жоқ «Урал» маркалы мотоциклына мінгесіп, заңсыз аңшылық жасап жүрген жерлерінен құрықтаған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-82/

0
0
337

Еуразиялық кеңістіктегі қазақ мәдениеті туралы халықаралық конференция өтеді

ҚазАқпарат, 24.02.2014 2014 жылдың 14-15 мамырында «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдени орталығы өңірлік қоғамдық ұйымының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы qazaq-alemi.kz хабарлайды. Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі, Археология және этнография институтының Омбы филиалы, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен өңірлік қоғамдық ұйымы, сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы ағымдағы жылдың 14-15 мамыры аралығында «Мөлдір» мәдени орталығының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен…

0
0
805

Сочиде Олимпиада алауы сөндірілді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочиде ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар алаңында Олимпиада алауы сөндірілді. Ойындардың жабылу салтанатының негізгі тақырыбы орыс мәдениетінің әлемге ықпалы жайлы болғанын естеріңізге сала кетейік. Олимпиада туын стадионға «алтын» иеленген Ресей құрамасының спортшылары алып шықты. Дәстүр бойынша, Олимпиаданың соңғы күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері осы шара барысында марапатталды. Салтанатты рәсім мерекелік от шашулармен аяқталды. Айта кетейік, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына 88 ұлттық Олимпиада комитеттері қатысты. Сондай-ақ мұнда әлемнің 126 елінен 2 миллионнан астам жанкүйер келген. Дәл осы кезеңде Олимпиада ойындарының ресми сайты әлемдегі ең көп қаралатын сайтқа айналды. Сын сағаттарында оны бір мезетте 150 мың адам қараған, 130…

0
0
338

Қазақстандық боксшы Б.Шүменов АҚШ-тың былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшылар 49 жастағы американдық Бернард Хопкинс пен 30 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменовтің арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні АҚШ-та өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

Айта кетейік, Бернард Хопкинс IBF нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанса, WBA (Super) нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов болды.

Бұдан бұрын бұл жұдырықтасу Нью-Йорктегі Бруклинде 19 мың адамдық Barclays Center аренасында өтеді деп жоспарланған еді. Енді доданың Вашингтон қаласында өткізілетіні туралы айтылуда.

Басты сөздер: Спорт
0
0
301

Денис Тен Олимпиада жеңімпаздарының гала-концертінде өнер көрсетеді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 22.30-да қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, бұрынғы әлем чемпионы Денис Тен Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің дәстүрлі гала-концертінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Олимпиада балы» Олимпиада саябағындағы «Айсберг» мұз сарайында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен бұл ойындарда мәнерлеп сырғанаудан қола медальді иеленген болатын. Бұл әзірге Қазақстан қоржынындағы жалғыз медаль.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
331

Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш сайыс бойынша ойындарға қатысты. Бүгінгі жарысқа алғашқы болып сноубордшы қызымыз Валерия Цой шықты. Өкінішке орай, ол параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша 1/8 финалға өте алмады. Бұл спортшымыз біліктілік кезеңінде небәрі 32-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды sports.kz. Ал шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Татьяна Осипова 30 шақырымдық жарысқа қатысып, сайыс нәтижесінде Коломина 48-ші, ал Осипова 51-ші орынды иеленді. Ерлер арасындағы биатлоннан жарыста Антон Пантов, Сергей Наумик, Александр Трифонов пен Диас Кенешевтен құралған қазақстандық команда 7,5 шақырымнан 4 эстафетаға жүгірді. Алайда, олар да негізгі топтан қалып қойып, оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Ойын қортындысы бойынша бұл құрама 10 рет…

0
0
290