Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батысқазақстандық каратэшілер халықаралық жарыста жүлделі орындарға қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат — 22-23 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін ХІІ халықаралық турнир өткізілді.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметтері бойынша оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен барлығы 17 команда қатысқан.

Додада аталмыш өңірден 16 спортшы бақ сынасты. Жастар арасында Асылбек Өтегенов 63 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Әсет Мағалимов, Вадим Кондратенко, Дима Кузнецов ІІІ орынды иеленді. Ересектер арасында 55 келі салмақта Азамат Мықиев, Ернат Құспанов (60 кг),  Естай Манашев  (75 кг) қола жүлдені иеленді.

 
0
0
260

Осы тақырып бойынша

Батысқазақстандық каратэшілер халықаралық жарыста жүлделі орындарға қол жеткізді - Yvision.kz