Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

Кеше Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты ақындар байқауы өтті.

Сайысқа жас таланттар қатысып, бағын сынады. Олар үш кезең бойынша өнер көрсетті.
Жарысқа қатысушылар Мұқағали Мақатаевқа, тіл тақырыбына арнаған өлеңдерін оқыды және ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.
Байқау жеңімпазы Жұлдызай Ысқақ шілде айында ақынның туған жерінде өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.
Кештің мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттау, өлең құдіреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

0
0
656

Осы тақырып бойынша

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» - Yvision.kz