Мазмұнға өту

Жаңа

ДЗЮДО: Максим Раков Дюссельдорфта өткен Гран-При кезеңінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық палуан Максим Раков Дюссельдорфта өткен Гран-При кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Максим Раков финалдық бәсекеде бразилиялық Лучано Корреамен кездесуі керек болатын. Алайда М.Раков бұл белдесуден бас тартты.
Үшінші орындарға бразилиялық Рафаэл Бузакарини мен моңғол палуаны Тувшинбаяр Найдан ие болды.
Қалған қазақстандықтар Германияда өткен әлемдік гран-при кезеңінде жүлдеге қол жеткізе алмады. Елдос Сметов, Рустам Ыбраев пен Дастан Ықыбаев бесінші орынмен шектелді.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
279

«Студент күнделігінің» қызықты сәттері

BAS продакшнмен бірігіп ұйымдастырған "Студент күнделігі" атты конкурсымыз өз мәресіне жетті. Конкурсқа қатысу барысында барынша белсенді түрде ат салысқан барлық студенттерге және олардың ұстаздарына алғысымыз шексіз.

Студенттердің әрбір еңбегінен іріктеліп алынған керемет қызықты видеоларды көріңіздер. Студенттер - еліміздің болашақ тұтқасы.

0
0
638

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Астанада мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі конференция болып өтті. Конференция жұмысына Әуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері авиациялық бөлімдерінің командирлері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитеті авиациялық қызметтерінің, Бас әскери прокуратура және Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шарада ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік авиация жүйесі қызметінің сенімділігін жоғары деңгейге жеткізу жолдары қаралып, кеңінен талқыланды. Конфернцияға қатысушылар мемлекеттік авиацияның апаттық көрсеткіштерінің қазіргі уақытта жоғары деңгейде қалып отырғанын, ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінде түбегейлі өзгерістердің бола қоймағанын атап өтті. Жиында Қа…

0
0
380

Сочи. Жанкүйердің портреті

Өткенде "Samsung" компаниясының шақыруымен Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиадаға барып қайтқаным бар. Көп жазудың не қажеті бар, ертерек жарияланған жазбаларымдағы суреттерді қарап, өткізілу деңгейі мен қала жағдайы жайлы пайым жасауға болады. Бүгінгі жазбамды Сочи Олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйлерлерге арнағым келім отыр, өзім де солардың арасында болдым. Сочи жанкүйерінің портретін жасап көрейік. Әрине, ең көбі ресейліктер болды. Жапониядан келген жанкүйерлер: Мына жігіт Норвегияның тумасы екен, бірақ өзін осы ойындарда Испания құрамасының жанкүйерімін деп таныстырды: Италия елінен келген апалар: Тағы бір италиялық: Литваның жанкүйерлері: АҚШ-тан келген мына ақсақалдарға журналистер мен қарапайым халық тыным бермеді, сұхбат алды, суретке түсірді: Құрама Штат…

-4
1
848

Қазақстан Үкіметінде анархия

Үкіметтің жіберген әрбір кемшілігі, Қазақстан кәсіпкерлеріне, сонымен бірге мемлекеттік бюджетке орасан зиян келтіретіні, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдай. Соның бірі - Кедендік одақ (Әрі қарай - КО). КО мүшелері - Ресей мен Белорусь мемлекеттерінің қазақстандық тауарлар экспортына жасап отырған кедергілеріне байланысты, қазақстандық кәсіпкерлер ондаған миллион доллар шығын шегіп жатқаны бұқаралық ақпарат құралдарынан баршаға белгілі. Оның себебі, Кедендік одақ туралы келісімді дайындаған уақытта, К.Мәсімов басқарған Үкімет жүргізген келісім бойынша жіберілген кемшіліктер. Келісімді Қазақстан тарапынан қандай мамандар дайындады, келіссөздерге кім қатысты, жұртшылыққа осы уақытқа дейін беймәлім. Ал барлығына жауапты, сол кезде Үкімет басқарған К.Мәсімов, тойған мысық сияқты мұртынан күліп…

0
0
897

Қазақстанның халықаралық бiлiм олимпиадаларында жетiстiктерi

Мектеп оқушылары арасындағы халықаралық пәндiк бiлiм олимпиадасы жыл сайын жаз айларында өтедi. Оларға әр мемлекеттен республикалық олимпиада кезеңiнде таңдалған 4-6 ең үздiк оқушылар қатысады. Олимпиада мақсаты - оқушылардың iшiнен дарынды балаларды iздеп табу және әртүрлi мемлекеттердiң бiлiм беру жүйелерiн салыстыру. Сонымен қатар ол мектеп оқушыларының химия, физика, биология және математика секiлдi пәндерге қызығушылықтарын арттырып, жеңiмпаздарға әлемдегi үздiк оқу орындарына түсуге мүмкiншiлiк бередi. Жалпы алғанда Қазақстанның көрсеткiштерi жоғары деңгейде. Бұл болашаққа деген үмiт бередi, өйткенi кезiнде осы олимпиадаларға қатысқан және жүлделi орын алған балалардың көпшiлiгi кәзiргi таңда жоғары бiлiмдерiн алып ғылыммен айналысуда. Кейiн Қазақстанға оралып, елiмiздiң ғылыми капи…

0
0
690

Өнерді кәсіпке айналдыра алмаған, ісін нәсіпке айналдыра алмайды

Адам баласының ерте заманнан күнделікті тіршілігіндегі қажеттілігіне айналған, бір жағынан мәдениетке де, өнерге де, тамыры тереңде жатқан ұлттық қол өнерге де қатысты жеңіл өнеркәсіп саласы бір кездері шарықтап, ендігі кезде аяғы ақсап тұрған жайы бар. Оған айғақ, әлемнің алпауыт елдері – Германияның жыл бойғы табысының 9 %-ын осы жеңіл өнеркәсіп саласы түсіреді екен. Бұл көрсеткіш Қытайда 12 %, Үндістанда 14 %. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үлес салмағы басым – мақта шаруашылығы. Шаруашылықтың жанданған кезеңі XX ғасырдың 90 жылдары. Ішкі өнімнің 15 %-н құраған бұл көрсеткіш, қазір 0,5 %-ға келіп жығылды. 220 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен саладағы көрсеткіш 10 есеге азайып кетті. Елімізге ірге жатқан Қырғыстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдері күннен күнге артуда, жүн түт…

0
0
933

ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметшілері арасында бокстан бірінші ашық чемпионат өтуде

Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында бокстан бірінші ашық чемпионат өтуде. Жарыс бүгін армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында жалауын көтерді. Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілеген ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев: – Қазақстан бокстан әлемдегі алдыңғы орындардан көрініп жүр. Сол себепті, біз боксты ұлттық спорт түрі деп есептейміз. Жоғарғы Бас қолбасшы – Президентіміздің арқасында спорт барлық бағыт бойынша дамып келеді. Біз өз Президентімізбен, өз мемлекетімізбен және сүйікті Отанымызбен мақтанамыз. Біз оны қажет болса, жұдырықпен де қорғауға дайын болуымыз керек, – деді. Былғары қолғап иелерінің бәсекесіне 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы Бақыт Сәрсекбаев құрметті…

0
0
305

Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша РАНТ басшылық етті

2014 жылғы 20-21 ақпанда ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобына басшылық етті. Сапар шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі А.С. Айдарбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі қазіргі діни ахуал мәселесі талқыланған соң, Агенттік Төрағасы әкімнің халықпен кезекті кездесуіне қатысты. Жолдаудың басты міндеттерін түсіндіру мақсатында Мұнайлы ауданының Маңғышлақ стансасының тұрғындарымен, облыстағы мемлекеттік құрылымдардың өкілерімен, оның ішінде ішкі саясат, жастар істері, дін істері, сәулет және қала құрылысы басқармаларының ұжымымен кездесулер өтті. «Нұр Отан» обл…

0
0
364