Мазмұнға өту

Жаңа

Сочи-2014: Қазақстандық шаңғышы Марк Старостин мәреге 34-ші болып жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасының соңғы күніндегі жарыстарда қазақстандық спортшылар шаңғы сайысына қатысты, деп жазады Vesti.kz. Еркін стильдегі 50 шақырымдық шаңғы жарысының жолында айтулы ойындар медаліне таласта қазақстандық шаңғышылар жүлдегерлер үштігінің қатарынан көріне алмады. Олардың ішінен ең жақсы көрсеткішті Марк Старостин көрсетті, ол мәреге 34-ші болып жетті. Одан кейінгі 48-ші, 54-ші және 55-ші орындарды сәйкесінше Ердос Ахмадиев, Евгений Величко, Сергей Черепанов алды. Айта кетейік, бұл жарыста барлық орындарды ресейлік спортшылар иеленді. Александр Легков бірінші орын алса, Максим Вылегжанин (+0.7) мен Илья Черноусов (+0.8) екінші, үшінші орындар тұғырынан табылды. Осы қысқы ойындар нәтижесі бойынша қазіргі сәтте Ресейдің қоржынында 32 медаль: 12 алтын, 11 күміс ж…

0
0
376

Көрген,білген, ойға түйгендерім

Осыған дейінгі көрген білгендерімді осылай қорыттым. Осы сөздерім бір керектеріңізге жарап қалар деген ойдамын : Өзің-өзіңе ұнамай басқаға ұнай алмайсың! Ешқашан ешкімді өзіңнен кем санама, артық та санама. Алла барлығымызды тең етіп жаратқан. Ақылды болу деген әр нәрсенін өз орнын білу. Ең әлсіз адам- сылтау айтатын адам. Жеке тұлға болып қалыптасу өмірлік позицияның қалай құрылуына байланысты. Айналасындағыларды өзіне тек күштілер ғана еліктіре алады, ал әлсіздер тек еліктеп қалады. Адамның артықшылығы көргендігінде. Бір жанды түсіну үшін өзіңді сонын орнына қойып көр. Мінсіз адам болмайды. Ондай адам бар деп есептесең , сен оны дұрыс танымағансың. Адамның жауы- жалқаулық. Барлығы уақытша. Өтеді, кетеді. Тек ізі ғана қалады. Жаман адам болмайды. Тек жақсы бағаланбаған адамдар болады. Жо…

0
1
1772

Тәуеліздік һәм мұнай

Кеңес үкіметі құлдырап, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста көптеген шетелдік сарапшылар «Қазақияның ғұмыры ұзақ болмайды»,-деп кесіп айтты. Бұл тұжырым дәйексіз емес еді. Егемендікке қол жеткізіп, есін жиған халық (әрине, қуанған қазақтар туралы сөз боп отыр) аңғарып қараса, атадан қалған ұлан байтақ жеріміз этникалық жағынан біртұтас емес боп шықты. Бұдан былай Қазақстанды мекендеуші ұлттар «орыс», «татар», «неміс», «украин» деп емес, жаңаша сипатпен «орыс тілді ұлт» және «қазақ тілді ұлт» болып екіге бөлінді. Бұл бөліну аз болғандай «орыстанған солтүстік», «қазақы оңтүстік» деген терминдер және қосылды. «Ұлттардың түрлілігін айтпағанның өзінде, руға бөлінген қазақтардың араздығы артады»,-деп сарапшылар жүз пайызға сенім білдірді. Сондағы орысша пікірлері мынау еді: «Этнический…

0
0
811

Мұстафа Шоқай: «Мұны көргеннен, өлгенім артық!»

Сіз Мұстафаны білесіз бе? -Аға, мына Сұлутөбе Мұстафа Шоқайдың туып-өскен жері ғой. Түһ, бірақ неге осыны сезіне алмайды екенбіз. Неге іште бір бұлқыныс, тебіреніс жоқ?,-деп өзіме ренжідім. -Иә, інім бұл жерді жақсы білемін ғой. Шоқайды білмейтін қазақ жоқ шығар! Мықты кісілер ғой. Мынадай кішкентай ауылдан шығып, Еуропада беделді болу деген...,-деді БМВ автокөлігінің рөлінде отырған жасы отыздар шамасындағы жігіт. Әңгімеге тағы біреудің араласқанын қалап, байыз таппай, артқы орындықта отырған қызға қарадым да, «сіз Шоқайды білесіз бе?»,-демесім бар емес пе. -Кого?,-деді, сағызын шайнаң-шайнаң еткізіп әлгі қыз. -Мұстафа Шоқайды?,-деймін. -Неа, не знаю,-деді де терезеден сыртқа көз тіккен боп, күйіс қайтаруын жалғастырып әкетті. Ашуым басыма көтерді. Енді бұл ашу тарамай қойсын! Қайта-қайт…

0
0
808

Мұстафа Шоқайдың балалық шағы

Ауылда Мұстафа бес жасқа толмай-ақ анасы оған оқу мен жазуды үйретіпті. Ал бес жасында домбыра шерткен. Оның музыкаға деген ықыласы расымен зор еді. Әлі есімде, 1922 жылы екеуміз Трокадеро алаңындағы этнографиялық мұражайға бас сұқтық. Мұстафа сол жерден домбыра көрді. Мұражай қызметкерінен рұқсат сұраған соң, домбыраны қолына алды да, құлағын келтіріп, қазақша керемет бір әуен орындады. Сонсоң асқан қимастықпен домбыраны орнына қойды. Жүзіне қарасам, оның көздері жасқа толып, көңілі құлазып тұр екен. Оның дәл сол кездегі күйін мен бұған дейін де, бұдан кейін де көрмедім. Мұстафа бірде балалық шағы туралы тебіреніп: «кішкентай кезімде мені бәрі жақсы көретін, еркелетін»,-деген еді. Осы қасиеттері есейгенше бойында сақталып қалды ма, әйтеуір, сезімтал, тез ренжігіш, болмашыны көңілге алғыш…

0
0
1813

Елбасы һәм Астана

1993 жылдың соңы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөздерінің бірінде Қазақстанның астанасын Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы ойын айтып, көпшіліктің бұған деген реакциясын байқап көрген еді. Сол кезді өзі былай еске алады: «Мен осы ұсынысты айтқан уақытымда біраз адамдар мені «жаңылып кетті не шамалы шаршаған болуы керек» деп ойлады. 1994-тің басы Нұрсұлтан Әбішұлы астананы көшіру жөнінде тағы да айтты. Бұл жолы да ұсыныс сәтсіз әзіл ретінде қабылданды. Бәрі күлді де қойды. Артынша ұмыт болды. Сонда да болса, елбасы бұл шешімін әбден зерделеп, пісіргендіктен өз дегенінен қайтпауға бекінді. Оның осы қадамын Норберт Винердің мына бір даналық сөзі шегелеген еді: «Армия офицері дәрежесіндегі адам ер жүрек болуы тиіс! Егер офицер әрбір әскери ұрыс кезінде, өзінен «Мен ер жүрек адаммын ба?» деп сұр…

0
0
1327

ГЕЙМЕР сіздің үйіңізде де болуы мүмкін

«Геймер» деген кім? Біріншіден осыған тоқталайық. Геймер ағылшынша «гэйм» сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «ойын». Ал, «геймер» «виртуалды ойыншы» мағынасын береді. Яғни компьютерлік ойынға тәуелділер кісілер. Қазақ баласы арасында геймерлер бар ма? Бар екен. Тіптен көп екен. Әрсен де осы топтың бірінен болып шықты. Оны геймерлікке апарған жолмен сіз де жүргенсіз. Бірақ, қазір сіз бұл топтан болмасаңыз, өзіңізді уақытылы тежепсіз. Құдай сақтапты деңіз. Ал Әрсенде құмарлық былайша басталған еді: DENDY (Дэнди) Мен виртуалды ойындарды үшінші кластан бастап ойнадым. Ол кездері «дэнди» деген ойын аппараты болатын. Мен қатарлас балалардың барлығы «Марио» болып айдаһардың тұтқынында отырған өз бикештерін құтқарды. Сонымыз үшін өзімізді қаһарман сезіндік. Бірақ, бұл ойындарда адам өлтірмедік. Кей…

0
0
5958

Молодежь Павлодара присоединилась к движению «Мәңгілік Ел»

О присоединении к республиканскому молодежному движению «Мәңгілік Ел» сегодня заявили студенты вузов и колледжей Павлодарской области на состоявшемся форуме. «Глава государства в Послании задал четкие ориентиры, назвал семь ценностей «Мәңгілік Ел», - отметила ровесница независимости страны, член МК «Жас Отан» Елена Гаркаева. - Они объединяют всех казахстанцев, воодушевляют молодое поколение на достижение высоких целей».«Очень важно чувствовать и понимать, что все мы объединены одной судьбой, - подчеркнула руководитель этнокультурного объединения «Беларусь» АНК Любовь Богнат. - Наш общий дом - Республика Казахстан. Наши достижения в экономике - следствие духовного единства».«В Послании Елбасы изложил и обосновал новую концепцию в отечественной истории - «Мәңгілік Ел», - сказал лидер молоде…

0
0
458

Дерт пе, әлде жаратылыс па?

Қасиетті Құран Кәрімде: «Еркек пен еркектің қосылуы шариғат бойынша зинамен тең. Үкімі де зина жасаушылармен бірдей. Яғни, таспен ұрып өлтіру. Еркек пен еркектің көңіл жарастыруы ең үлкен күнә. Бұл табиғат жаратылысына қарсылық,» - деп келтіріледі «Ағрас» сүресінің 80-аятында. Қоғамды толғандыратын, қоғам үшін күрмеуі күрделі мәселе, қауіпті дерт деп сипатталатын құбылыс – гомосексуализм. Бұл қайдан пайда болған, Тәңірден берілген ерекше «қасиет» па, әлде азғындану салдарынан пайда болған дерт пе? Бұл сұрақтың жауабын іздестіру үшін қысқаша тарихқа тоқталайық. Ежелгі грек елінде «гомосексуалист» деген ұғым жеке адамдар тобына емес, олардың іс-әреккеттерінен көрінетін мінез-құлқына сипаттама ретінде қолданылатын ұғым болған. Ортағасырдағы «содомни» түсінігі өзінің сан қырлы мағынасынан бөл…

0
0
1201

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде балық шаруашылығын дамыту мәселелері қарастырылды

2014 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде Су ресурстары, орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесте қарастырылатын нақты ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-79/

0
0
281