Мазмұнға өту

Жаңа

Жартылай финалда ең көбі – Қазақстан боксшылары

Софияда жалауын желбіреткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына ең көп боксшысы шыққан – Қазақстан, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жігіттер арасындағы әлем чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Жартылай финалға біздің елден төрт боксшы шықты. Өзбектерден де шешуші кезеңге төрт боксшы шығыпты. Ал жеті жігіті ширек финалға шығып, өзгелерден асып түскен Украина құрамасының төрт боксшысы ширек финалда ұтылып қалып, жартылай финалға үшеуі ғана жолдама алыпты. Жалпы, жартылай финалға мына елдердің боксшылары шыққан: 1. Қазақстан, Өзбекстан – 4 боксшыдан; 2. Украина, Ресей, Хорватия – 3; 3. Куба, АҚШ, Әзірбайжан, Болгария, Ұлыбритания, Жапония – 2; 4. Үндістан (AIBA), Италия, Корея, Қытай, Румыния, Германия, Доминикан Республикасы, Беларусь, Армения, Норвегия (IBA), Венгрия –…

0
0
482

Қаржы полициясы мен шағын және орта бизнесті қорғау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатысының бірлескен қызметі

Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мемлекет басшысының және Агенттіктің тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлік субьектілеріне негізсіз араласудан қорғау туралы, сонымен қатар, олардың заңды кәсіпкерлік қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кедергі келтіруге қатысты шаралар қабылдануда. Департамент Кәсіпкерлер палатысымен және кәсіпкерлікке байланысты барлық қоғамдық бірлестіктері мен ассоциацияларымен тығыз байланыста. 2014 жылғы 18 ақпаннан бастап әр бейсенбі күні 15.30-да Кәсіпкерлер палатасында Қаржы полициясы департаменті басшылығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру және Кәсіпкерлер Палатасы мен департаменттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылау, уақытша құрылыс салуға рұқсат беру, шағы…

0
0
377

Алматыда арзан кітапты қайдан аламыз? немесе букинисттерге шолу

Алматы қаласы бойынша кітаптарды қай жерде арзанға алу болатынын білесіз бе?Букинисттерде ұсталған кітаптарды кітап дукендеріне қарағанда әлдеқайда арзанға алуға болады. Мен үшін, маған дейін кітапты біреу оқыса, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер сіздер де солай ойласаңыз, назарларыңызға қала бойынша орналасқан букинист дүкендер жайлы мәлімет бермекпін. Бастаптқы екі дүкен Жібек Жолы және Достық көшеленінің қиылысындағы Орталық базарда орналасқан. Ондағы сатушылардың барлығы дерлік ол дүкендердің қайда орналасқанын айтып бере алады. №1. Виктор Книжныйдың дукені. Дүкеннің ашылғанына 11 жыл. Зейнеткердің айтуынша, мамандығы – инженер, ал кітаптар оның сүйікті ісі. Бұл дүкенде бес мыңға жуық кітап және жиырмаға жуығы ол кісінің үйінде сақталған. Мұнда айырбас жасауға, сату және сатып алуға болады…

1
0
20392

Ақпараттық-насихат тобы Шығыс Қазақстанда

Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық түсіндіру бөлімі Көкпекті ауданында тұрғындарымен кездесу өткізді 2014 жылғы 14-15 сәуір күндері дін мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Көкпекті ауданында ауданға қарасты Самар, Сарыбел, Миролюбовка, Бастаушы, Үлкенбөкен, Пробераженск ауыл округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізді. Барлық кездесулерде тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары, діни экстремизмнің алдын алу шаралары туралы жеткізілді. Кездесуде тұрғындар белсенді қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап аудан тұрғындары Қазақстандағы діни оқу орындарына қалай түсуге болады, оқушылар мешітке, шіркеуге қай уақытта бару керек, ата- ананың рұқсаты керек пе деген әр түрлі сұрақтарға өзінің заңды және діни тұрғыд…

0
0
274

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды.

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.Қарағандыда полицейлер 80 келіден астам марихуананы өртеуге жіберді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. «22 сәуір Қарағандының нан-макарон комбинатының аумағында Қарағанды облысыны ІІД-нің тергеу істерінде қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған есірткі заттарын жою жүргізілді», - делінген хабарламада. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нан зауытының мартен пешінде «марихуана» есірткі затының 80 келіден астамы жойылған. Есірткіні жою процедурасы арнайы комиссияның көз адында жүргізілді. Комиссия құрамында есірткіге қарсы күрес басқармасының, прокуратура, сот орындаушылар департаменті мен басқа қызығушылық білдірген органдардың өкілдері бар. «Осы күні жойылған 47 келіден астам марихуана…

0
0
225

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.
Жамбыл облысының ІІД полиция қызметкерлері ірі көлемде жылқы ұрлаған барымташыларды ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

«Наурыз айының соңында Жуалы ауданының тұрғынынан белгісіз  біреулердің 13 жылқысын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым кеп түсті. Қызметтік иттердің көмегімен қарақшылар Билікөл көлінің аймағында қуып жеткен», - деп анықтайды ІІД.
Ұсталғандар осыған дейін істі болған, Рысқұлов ауданының тұрғындары екені анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 9,3 млн. теңгені құрап отыр. ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
231

Осы жылдың ауыр қылмыстары

Қазақстанда соңғы жылдары ауыр қылмыстардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалды. Мәселен, 2013 жылы оның көрсеткіші 14,7 % (3 081-ден 2 629) қылмысқа төмендеді. Ал, 2014 жылдың 3 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен. Бұл жайлы, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі мәлім етті. Осылай, еліміз 2014 жылдың 3 ай ішінде қылмыстылық оқиғаларға толы болды . 2014 жылдың басы Қожағұловтар отбасы үшін қайғымен басталды. Бұған себеп, Алматыдығы такси жүргізушісі үйдегі 15 жасар кенжесін 35мың теңге мен ұялы телефон үшін буындырып өлтірді. Жасөспірімнің өлі денесі 3-ші қаңтарда қаладан 20 шақырым жердегі Жетісу елді-мекені маңынан табылған. Сөйтсе, қызды такси жүргізушісі өз сөмк…

0
0
502

Қазнеттегі рекордтық келісім жаңарды

«Бэринг Восток» инвестициялық қоры мен «Колёса» компаниясы арасында бұрын Қазнет тарихында болмаған келісім жасалды. «Колёса» ЖШС-нің интернет жобаларына «Бэринг Восток» $15 миллион инвестиция құятын болады. Еске сала кетейік, бұл компания бүгінгі күнде рейтинг жағынан көшбасшы саналатын, еліміздегі автокөлік сатылымын жарнамалаушы www.kolesa.kz cайты мен www.krisha.kz сайтының иесі.Бұлардың қатарына бүгіннен бастапwww.market.kz қосылғаны жарияланды. Түрлі заттарды сату мен сатып алуға арналған жоба нарықтағы бірінші компания болуды көздеп отыр. Осылайша Қазнет тарихында жаңа рекорд жасалды. Бұған дейін Қазнеттегі ең қымбат келісімдердің қатарында Жомарт Сүлейменовтың bistro.kz сайты миллион долларға сатылған еді. Сондай-ақ, Lafa Network компаниясы 14 миллион теңгеге сатып алған алған aut…

1
0
366

LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсе»

LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсес» –LTE радиобайланыс технологиясы арқылы жеке корпоративті (VPN) виртуалды желісіне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін корпоративті клиенттерге арналған қызмет түрі. «Ұтқыр кеңсе» қызметінің арқасында біз өзіміздің корпоративті клиенттерімізді IP VPN қызметіне қосылу алаңын кеңейту мүмкіндігіне ие боламыз. «Ұтқыр кеңсе» қызметі корпоративтік желілердің клиенттік трафигін оқшаулау, беру және қамтамасыз ету үшін MPLS және LTE технологияларының мүмкіндіктерін біріктіруге жағдай жасайды. Жалпы алғанда, LTE бойынша қолжетімділік VPN-жалғанудың соңғы сәттері деуге болады. Қызметті іске асырудың техникалық жақтарын ойластыра келіп, Қазақтелекомның инновациялық бөлімшелері компанияның корпоративті клиенттеріне арнап географиялық таратылған желі құру үші…

0
0
2007

Әскери-техникалық саланы өзара дамыту

Бүгін Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзірбайжанға ресми сапары барысында қорғаныс өнеркәсібінің министрі Явер Джамаловпен кездесті.

Кездесу барысында екі тарап әскери саланы одан әрі өзара дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.

«Біз әскери-техника саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде жұмыс тобын құру мәселесін қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті С.Ахметов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
426