Мазмұнға өту

Жаңа

З.Дияс әлемдік рейтингте 85-інші орынға көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығының жаңартылған рейтингінде қазақстандық Зарина Дияс 93-інші орыннан 85-інші сатыға көтерілді.

Бұл — жиырма жасар қазақ қызы үшін әзірге ең жоғары көрсеткіш. Биыл дүниежүзіндегі алғашқы жүздіктің қатарына енген Зарина табысты ойынын жалғастырып келеді. Өткен аптада Малайзияда өткен ірі турнирде ширек финалға дейін жеткен қазақ теннисшінің жолын әлемнің оныншы ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкова ғана бөгей алды.

Жуырда Vesti.kz сайтына берген сұхбатында З.Дияс жылды әлемнің үздік отыз ракеткасы қатарында аяқтауға ұмтылып отырғанын мәлімдеді. Таяуда ол Францияда, содан кейін Римде өнер көрсетпек.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
272

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында допингке қатысты жанжал шықты

Ауыр атлетика бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші күнінде жеңімпаз атанған Қырғызстан штангашысы Жаңыл Окоеваның алтын жүлдесі қайтарып алынды, деп хабарлайды Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. «Сайыстың бірінші күнінің жеңімпазы (48 келі) допинг сынақтан өтуден бас тартты. Соған байланысты медальдан, диплом мен 250 мың теңгенің сертификатынан айырылды. Алтын, күміс және қола жүлделер сәйкесінше біріншілікте екінші, үшінші және төртінші орын алған спортшыларға берілді», — делінген хабарламада. Сонымен алтын жүлде Галина Момотоваға — 145 кг (65+80), күміс жүлде Марина Кокошкаға — 129 кг (56+73), ал қола медаль Гүлдария Сәткенге — 75 кг (35+40) бұйырды. Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстанның ашық чемпионаты Талдықорғанда сәуірдің 19-ы баст…

0
0
275

Бокстан бес жігітіміз ширек финалға шықты

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес боксшы жігіті ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кеше Болгарияның бас қаласындағы әлем чемионатында 1/8 финалының жекпе-жектері өткен болатын. Шаршы алаңға сегіз боксшымыз шығып, бесеуі жеңіске жетті. Екі қызымыздың ширек финалға ертерек шығып алғандарын бұған дейін жазғанбыз. 1/8 финалында жеңіл салмақтағы боксшыларымыз сенім үдесінен шыға білді. Өкінішке қарай, ауыр салмақтардағы алыптарымыз үмітті ақтай алмады. Тіпті техникалық нокаутпен ұтылып қалғандары да бар… Рас, біздің де бір боксшымыз, атап айтқанда, Вадим Казаков өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Жеңіліске ұшыраған үш боксшымыздың екеуі Хорватия қырандарынан ұтылып қалды. AIBA-ның ресми сайты «жастар арасындағы әлем чемпио…

0
0
346

Дзюдошы жастарымыз Нева жағалауынан төрт жүлде олжалады

Санкт-Петербугте (Ресей) дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ашық Еуропа кубогы өтіп, Қазақстан балуандары төрт жүлде олжалап қайтты, деп хабарлайдыTengrinews.kz. Нева жағалауындағы ашық Еуропа кубогына 21 жасқа дейінгі татами шеберлері қатысты. Жасөспірімдер дегеннен гөрі жастар арасындағы ашық кубок деуге келіңкірейтін дәстүрлі турнирде 18 мемлекеттің жас таланттары бақ сынады. Бірінші күні (сенбіде) жеңілдеу салмақтағы қыз-жігіттер күресті. Жігіттер 73, ал қыздар 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Дәл осы күні біздің жігіттеріміз көңілге қонымды нәтиже көрсетіп, төрт жүлде (1 алтын, 3 қола) еншіледі. 55 келі салмақ дәрежесінде бізге екі жүлде бұйырды. Жақсыбек Жеңісбек финалда ресейлік Магомед Соломгериевтен басым түсті. Сөйтіп жартылай финалда…

0
0
305

Қырғыз қызына алтынымызды бермедік

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстанның ашық чемпионатында бір алтынды қырғыз қызы жеңіп алып еді. Бірақ оған алтын медаль мен 250 мың теңге сыйақы берілмейтін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап. Ел чемпионатының бірінші күні әйелдер арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қырғызстаннан келген Жаңыл Оқоева жеңіп алған болатын. Бірақ ертеңінде оған алтын медаль мен 250 мың теңге сыйақы берілмейтіндігі мәлім болған. Себеп – қырғыз қызы допинг-сынақ тапсырудан бас тартқан. Сол себепті ол Қазақстан чемпионына тиеслі алтын жүлде мен 250 мың теңгенің сертификатынан да бас тартуға мәжбүр болған… Осыған орай, жүлделі орындар екінші, үшінші және төртінші орын алған ауыратлет аруларға беріліп, олар бір…

0
0
396

Балық қорын қорғау шаралары жөнінде

2014 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері балық қорын қорғау шараларын жүргізу барысында Зайсан көлінің Ақсуат учаскесінде жергілікті 2 тұрғынды балық аулауға тиым салынған мерзімде заңсыз балық аулағандары үшін ұстады. Оқиға болған жерді тексеру барысында олардың жалпы салмағы 338,5 кг балық, оның ішінде көксерке, сазан және шортан балықтарын аулағандары анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян көлемі 187 мың 794 теңгені құрады. Сол күні Атырау облысының Исатай ауданы аумағында «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы шараларын жүргізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий т…

0
0
480

Кіші футболдан жарыс өтті!

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында«Саламатты ұрпақ!» жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ауыспалы кубогы үшін жастар арасында өткізілген кіші футбол ойынын өткізді. Аталмыш кубокті 2014 жылдың наурыз айында «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының жасотандықтары жеңіп алған болатын. Ойын қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл политехникалық коледжінің студенттері, ІІ орынды Тараз мамлекеттік педагогикалық институтының студенті, ІІІ Жамбыл медициналық колледжінің студентт…

2
0
1588

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаёси Камохара мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония қарым-қатынасының бүгінгі жағдайы мен келешегі талқыланды.

http://sud.kz/kaz/news/kr-zhogargy-sotynyn-toragasy-k-mmi-zhaponiyanyn-kazakstandagy-elshisin-kabyldady

1
0
459

Атырау облысының қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кең ауқымды акциялар жүргізуде

Қаржы полиция органы қызметінің басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономикалық қылмыстардың алдын-алу жұмыстары болып табылады. 2014 жылғы 1-ші тоқсанда Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің Ақпараттық-талдау бөлімі «көлеңкелі» экономика мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін, жастарды және тұрғындарды құқықтық түсіндіру мақсатында 28 алдын-алу шараларын жүргізді. Сонымен қатар, «көлеңкелі экономика» фактілері мен сыбайлас жемқорлықпен қақтығысу кезінде әрекет реттерін түсіндіру мақсатында үгіт-насихат материалдары (күнтізбелер, визиткалар, үнпарақтар, жадынамалар) шығарылды. Бүгінгі таңда монополистік компаниялардың қызметкерлері («Атыраужарық», «АтырауСуАрнас…

0
0
561

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру

Қызметті онлайн алу

1.  Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

2.  БСН көрсетумен немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген белгілер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану:

  • ұйымның атауы;

  • ұйымдастыру-құқықтық нысаны;

  • басшының ТАӘ;

  • құрылтайшының ТАӘ.

3.  ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

4.  Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

1.  Белгіленген нысандағы өтініш онда мыналар көрсетіледі:

  • ұсынылатын ақпараттың түрі;

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәліктің мәліметтері, тұрғылықты жері, ЖСН (бар болса) - жеке тұлғалар үшін;

  • атауы, деректемелері, БСН (бар болса) - заңды тұлғалар үшін.

2.  Жеке басты куәландыратын құжат.

2
0
548