Мазмұнға өту

Жаңа

Хоккей: Қарағандылық «Сарыарқа» Братина кубогының финалында екiншi жеңiсiне қол жеткiздi

Братина кубогының ақтық сын матчтарында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Түменнiң «Рубин» командасынан басым түстi. Қарағандыда өткен кездесу жергiлiктi команданың жеңiсiмен 3:2 есебiмен аяқталды. Душан Грегор жаттықтыратын қазақстандық ұжым үшiн бұл матч оңай болған жоқ. Алаң иелерi алғашқы кезеңнiң басында шайба өткiзiп алды. «Рубин» хоккейшiсi Денис Сандер қарағандылық команданың қақпашысын 6-минутында қапыда қалдырып кеттi. «Сарыарқа» хоккейшiлерi бiрiншi айналымда оған қарсы жауап голын соға алмай, тынығуға кеттi. Екiншi айналымда сауатты ойнаған қарсыластар, ұтымды сәттiң бiрiнде өз мүмкiндiктерiн пайдаланып, екiншi голды қақпаға тоғытты. Максим Зюзякиннiң 25-минутта салынған голы «Сарыарқа» жанкүйерлерiнiң жеңiске деген үмiтiн басқандай болды. Дегенмен қарағандылық хоккейшiлер…

0
0
269

Канадалық «жаңа қазақ» ұлттық құрамаға қосылды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн бас командамыздың сапына келіп қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық хоккей федерациясының сайтына сілтеме жасап. Негізі, Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын 14 сәуірде бастап кеткен. Бірақ бірнеше ойыншының әртүрлі себептермен бастапқы оқу-жаттығу жиынына кешігіп келетіндері алдын-ала жарияланған. Сол хоккейшілер бірте-бірте ұлттық құрама сапына келіп қосылып жатыр. Кеше, мысалы, тамырында Канада қаны соққан қорғаушымыз келді. Ол өзінің отбасын тарихи отанына апарып салып, сонда біраз күн тынығып қайтқан болатын. Кевин бірден жаттығу жұмыстарын бастауға құлшынып отырған көрінеді. Бүгін ұлттық құрама дем алатын күн екен. Бірақ Даллмэн бұған қарамай, жаттығуға кіріспек…

0
0
232

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Дэвид Мойес отставкаға кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты мәлімдеді. Мойес «МЮ» тізгінін былтыр Алекс Фергюссон бапкерлік ғұмырын аяқтағаннан соң ұстаған. Ол кезде клуб жетекшілері жаңа бапкер алдағы алты жыл бойы «Олд Трафорд» қожайындарын жаттықтыратын болады деген еді. Бірақ, Мойестің бастамасымен «МЮ»-дің бағы да бабы де кері тартты. Нәтижесінде бұл команда ағылшын біріншілігінің 34 турынан кейін 7 сатыға орналасқан. Бұл дегеніміз «МЮ» келер маусымда қәртамыс құрлықтың басты додасы саналатын УЕФА Чемпиондар лигасында ойнай алмайды деген сөз. Клубтың тарихына үңілетін болсақ, мұндай жағдай соңғы рет 19 жыл бұрын болған екен. Ағылшындық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «МЮ» клубының қожайындары болып саналатын Глейзерлер отбасы Мойе…

0
0
321

Қырғыз зілтеміршісі екі жылға спорттан қуылуы мүмкін

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстанның ашық чемпионатында топ жарған қырғыз спортшысы Жаңыл Оқаева допинг-сынақтан өтуден бас тартқаны үшін екі жылға спорттан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің заңы бойынша «спортшының допинг-сынақтан бас тартуы немесе сынақтың қорытындыларын бұрмалауы «допипг қолданды» дегенмен тең келеді». Сол үшін Оқаева енді екі жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. Еске салайық, Оқаева Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстанның ашық чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Бірақ марапаттау рәсімінен соң спортшының бас бапкері шәкіртін допинг-сынақтан өтуге жібермей қойған. Сондықтан да енді оған берілген алтын жүлде мен 250 мың теңгенің сертификаты қайтарылды. Осыған орай, жүлделі орындар екінші, үш…

0
0
223

Жартылай финалда ең көбі – Қазақстан боксшылары

Софияда жалауын желбіреткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына ең көп боксшысы шыққан – Қазақстан, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жігіттер арасындағы әлем чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Жартылай финалға біздің елден төрт боксшы шықты. Өзбектерден де шешуші кезеңге төрт боксшы шығыпты. Ал жеті жігіті ширек финалға шығып, өзгелерден асып түскен Украина құрамасының төрт боксшысы ширек финалда ұтылып қалып, жартылай финалға үшеуі ғана жолдама алыпты. Жалпы, жартылай финалға мына елдердің боксшылары шыққан: 1. Қазақстан, Өзбекстан – 4 боксшыдан; 2. Украина, Ресей, Хорватия – 3; 3. Куба, АҚШ, Әзірбайжан, Болгария, Ұлыбритания, Жапония – 2; 4. Үндістан (AIBA), Италия, Корея, Қытай, Румыния, Германия, Доминикан Республикасы, Беларусь, Армения, Норвегия (IBA), Венгрия –…

0
0
482

Қаржы полициясы мен шағын және орта бизнесті қорғау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатысының бірлескен қызметі

Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мемлекет басшысының және Агенттіктің тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлік субьектілеріне негізсіз араласудан қорғау туралы, сонымен қатар, олардың заңды кәсіпкерлік қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кедергі келтіруге қатысты шаралар қабылдануда. Департамент Кәсіпкерлер палатысымен және кәсіпкерлікке байланысты барлық қоғамдық бірлестіктері мен ассоциацияларымен тығыз байланыста. 2014 жылғы 18 ақпаннан бастап әр бейсенбі күні 15.30-да Кәсіпкерлер палатасында Қаржы полициясы департаменті басшылығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру және Кәсіпкерлер Палатасы мен департаменттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылау, уақытша құрылыс салуға рұқсат беру, шағы…

0
0
376

Алматыда арзан кітапты қайдан аламыз? немесе букинисттерге шолу

Алматы қаласы бойынша кітаптарды қай жерде арзанға алу болатынын білесіз бе?Букинисттерде ұсталған кітаптарды кітап дукендеріне қарағанда әлдеқайда арзанға алуға болады. Мен үшін, маған дейін кітапты біреу оқыса, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер сіздер де солай ойласаңыз, назарларыңызға қала бойынша орналасқан букинист дүкендер жайлы мәлімет бермекпін. Бастаптқы екі дүкен Жібек Жолы және Достық көшеленінің қиылысындағы Орталық базарда орналасқан. Ондағы сатушылардың барлығы дерлік ол дүкендердің қайда орналасқанын айтып бере алады. №1. Виктор Книжныйдың дукені. Дүкеннің ашылғанына 11 жыл. Зейнеткердің айтуынша, мамандығы – инженер, ал кітаптар оның сүйікті ісі. Бұл дүкенде бес мыңға жуық кітап және жиырмаға жуығы ол кісінің үйінде сақталған. Мұнда айырбас жасауға, сату және сатып алуға болады…

1
0
20388

Ақпараттық-насихат тобы Шығыс Қазақстанда

Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық түсіндіру бөлімі Көкпекті ауданында тұрғындарымен кездесу өткізді 2014 жылғы 14-15 сәуір күндері дін мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Көкпекті ауданында ауданға қарасты Самар, Сарыбел, Миролюбовка, Бастаушы, Үлкенбөкен, Пробераженск ауыл округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізді. Барлық кездесулерде тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары, діни экстремизмнің алдын алу шаралары туралы жеткізілді. Кездесуде тұрғындар белсенді қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап аудан тұрғындары Қазақстандағы діни оқу орындарына қалай түсуге болады, оқушылар мешітке, шіркеуге қай уақытта бару керек, ата- ананың рұқсаты керек пе деген әр түрлі сұрақтарға өзінің заңды және діни тұрғыд…

0
0
272

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды.

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.Қарағандыда полицейлер 80 келіден астам марихуананы өртеуге жіберді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. «22 сәуір Қарағандының нан-макарон комбинатының аумағында Қарағанды облысыны ІІД-нің тергеу істерінде қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған есірткі заттарын жою жүргізілді», - делінген хабарламада. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нан зауытының мартен пешінде «марихуана» есірткі затының 80 келіден астамы жойылған. Есірткіні жою процедурасы арнайы комиссияның көз адында жүргізілді. Комиссия құрамында есірткіге қарсы күрес басқармасының, прокуратура, сот орындаушылар департаменті мен басқа қызығушылық білдірген органдардың өкілдері бар. «Осы күні жойылған 47 келіден астам марихуана…

0
0
224

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.
Жамбыл облысының ІІД полиция қызметкерлері ірі көлемде жылқы ұрлаған барымташыларды ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

«Наурыз айының соңында Жуалы ауданының тұрғынынан белгісіз  біреулердің 13 жылқысын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым кеп түсті. Қызметтік иттердің көмегімен қарақшылар Билікөл көлінің аймағында қуып жеткен», - деп анықтайды ІІД.
Ұсталғандар осыған дейін істі болған, Рысқұлов ауданының тұрғындары екені анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 9,3 млн. теңгені құрап отыр. ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
231