Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы мен шағын және орта бизнесті қорғау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатысының бірлескен қызметі

Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мемлекет басшысының және Агенттіктің  тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлік субьектілеріне негізсіз араласудан қорғау туралы, сонымен қатар, олардың заңды  кәсіпкерлік қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кедергі келтіруге қатысты шаралар қабылдануда.

Департамент Кәсіпкерлер палатысымен және  кәсіпкерлікке байланысты  барлық  қоғамдық бірлестіктері мен ассоциацияларымен тығыз байланыста.

2014 жылғы 18 ақпаннан бастап әр бейсенбі күні  15.30-да Кәсіпкерлер палатасында Қаржы полициясы департаменті басшылығымен «Қазақстан Республикасы  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру және  Кәсіпкерлер Палатасы мен департаменттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылау, уақытша құрылыс салуға рұқсат беру, шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу немесе  бизнеске қысым көрсетуге байланысты  мәселелер бойынша кәсіпкерлерді қабылдау жүргізіледі.

Ағымдағы жылғы 18 ақпаннан 17 сәуірге дейін  120 кәсіпкердің маңызды мәселелері қаралды,  осы мәселелерді шешу бойынша  тиісті ұсыныстар енгізілді және қортынды жасалып, басымдықтар анықталып, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, «ҚР Еңбек кодексін» түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
368

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы мен шағын және орта бизнесті қорғау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатысының бірлескен қызметі - Yvision.kz