Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда арзан кітапты қайдан аламыз? немесе букинисттерге шолу

Алматы қаласы бойынша кітаптарды қай жерде арзанға алу болатынын білесіз бе?
Букинисттерде ұсталған кітаптарды кітап дукендеріне қарағанда әлдеқайда арзанға алуға болады. Мен үшін, маған дейін кітапты біреу оқыса, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер сіздер де солай ойласаңыз, назарларыңызға қала бойынша орналасқан букинист дүкендер жайлы мәлімет бермекпін.

Бастаптқы екі дүкен Жібек Жолы және Достық көшеленінің қиылысындағы Орталық базарда орналасқан. Ондағы сатушылардың барлығы дерлік ол дүкендердің қайда орналасқанын айтып бере алады.

№1. Виктор Книжныйдың дукені. Дүкеннің ашылғанына 11 жыл. Зейнеткердің айтуынша, мамандығы – инженер, ал кітаптар оның сүйікті ісі.

Бұл дүкенде бес мыңға жуық кітап және жиырмаға жуығы ол кісінің үйінде сақталған. Мұнда айырбас жасауға, сату және сатып алуға болады. Букинист оқырмандар арасында танымалдылыққа ие, ешқандай жарнама жүргізбейді. «Кітаптарды сату ісі жалға алынған жерді ақтайма?» –деген сұрағыма. «Әзірге шыдап келеміз» – деп жауап қатты Виктор мырза. «Қалада кітап өте қоймайды, сондықтап облыстарға жіберіп отырамыз». Әрине кітаптар онда тегін кетеді. Және де, кітаптар мектептерге және мамандандырылған кітаптарды ол істің мамандарына таратылады. Дүкеннің қожайынының қалауы, ажалы келген уақытта ол кітаптарының қасында болғысы келеді. Ал кітаптардың болашағын ол өзінің балалары мен достарына тапсырады.

№2. Роза Садыковнаның дүкені. Апамыздың дүкені бес жыл бұрын ашылған. Бүл іспен айналысқанына он екі жыл болыпты. Бастапқыда Виктор Книжныймен жұмыс жасан ол, кейін оз кітапханасын ашыпты. Негізгі мамандығы педагог.

Бұл дүкенде үш мыңға жуық кітап жиналған. Мұнда да кітаптарды мұқтаж жандарға, өздері сатып алуға шамасы келмейтіндерге таратылады. Роза Садыковнаның айтуынша мұнда көркем әдебиет көп орын алады, алайда барлық жанрдағы кітаптар жиналған. «Жалдаған орынды ақтайды, бірақ қыс мезгілдері қиындау болады», - дейді ол. Жоспарлары жайында сұрағанда кеңейтудің еш мәні жоқ, тек дүкеннің жағдайларын жақсартқысы келетінін айтты. Зейнеткер дүкеннің барлық жұмыстарына ұлын үйреткенін және алдағы уақытта дүкен ұлының меншігінде қалады дейді.

№3.Бұл дүкен Тимирязев көшесінің бойында, Шашкин мен Марков көшелерінің арасында орналасқан. Басқа дүкендер демалыссыз жұмыс жасаса, бұл дүкен жексенбі күндері демалады. Кітап қорына бай дүкеннен қалауыңыздағы жанрлар бойынша кітаптар таба аласыз. Дүкен қызметкерлері сізге ардайым көмек көрсетуге дайын.

№4. Букинист дүкендердің арасындағы ең үлкені:  халық арасында «Никольский базар» деп аталып кеткен базарда орналасқан. Бұл базар А.Байтұрсынов және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Онда кітаптар жанрларға бөлінген. Үлкен бес дүкендерден тұратын букинистте кітаптардың түр-түрі бар. Ең үлкен дүкен көркем әдебиетке арналған.

Татьяна Романова – дүкеннің қожайыны, он жеті жыл бұрын бұл іспен айналыса бастаған. Дүкен миллионға жуық кітап қорымен бай. Мұнда әрдайым жеңілдіктер болып отырады. Жеңілдіктер кезінде кітаптар 50-100 теңге аралығында болады. Татьяна бір өзі мұншама дүкендерге үлгермесі анық, сол себепті оның жанында көмекші сатушылары бар. Басқа мағлұматпен бөлісуге дүкен қожайыны келіспеді.

№5. Ал ең соңғысы ол мына сайт - BOOKLANCE.KZ.  Бұл сайттың ерекшелігі ешқайда барудың қажеті жоқ, тек кітапты тіркесең болғаны.Қандай кітап сатылымға шыққанын біліп және кітаптарыңды сатылымға шығаруыңа да болады. Ешқандай делдалдың қажеті жоқ, сондықтан кітапты қымбатырақ сатуға болады. Кітапты сатып алар кезде, кітап қожайынына барған уақытта саудаласып, арзандатып алуға болады. Сайт қолдануға ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Фильтр арқылы сұрауыңызды да оңай таба аласыз.

Осымен менің букинист дүкендеріне шолуым аяқталды. Кітаптың қадірін білетін оқырмандар үшін бұл дүкендердің берер рухани қазынасы мол!

1
0
20370

Осы тақырып бойынша