Ақпараттық-насихат тобы Шығыс Қазақстанда
Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық түсіндіру бөлімі Көкпекті ауданында тұрғындарымен кездесу өткізді
2014 жылғы 14-15 сәуір күндері дін мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Көкпекті ауданында ауданға қарасты Самар, Сарыбел, Миролюбовка, Бастаушы, Үлкенбөкен, Пробераженск ауыл округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізді.
Барлық кездесулерде тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары, діни экстремизмнің алдын алу шаралары туралы жеткізілді. Кездесуде тұрғындар белсенді қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап аудан тұрғындары Қазақстандағы діни оқу орындарына қалай түсуге болады, оқушылар мешітке, шіркеуге қай уақытта бару керек, ата- ананың рұқсаты керек пе деген әр түрлі сұрақтарға өзінің заңды және діни тұрғыдағы жауаптарын алды.
Кездесулерге барлығы 1425-ке жуық адам қатысты.
