Әскери-техникалық саланы өзара дамыту
Бүгін Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзірбайжанға ресми сапары барысында қорғаныс өнеркәсібінің министрі Явер Джамаловпен кездесті.
Кездесу барысында екі тарап әскери саланы одан әрі өзара дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.
«Біз әскери-техника саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде жұмыс тобын құру мәселесін қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті С.Ахметов.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
