Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазнеттегі рекордтық келісім жаңарды

«Бэринг Восток» инвестициялық қоры мен «Колёса» компаниясы арасында бұрын Қазнет тарихында болмаған келісім жасалды. «Колёса» ЖШС-нің интернет жобаларына «Бэринг Восток» $15 миллион инвестиция құятын болады. Еске сала кетейік, бұл компания бүгінгі күнде рейтинг жағынан көшбасшы саналатын, еліміздегі автокөлік сатылымын жарнамалаушы www.kolesa.kz cайты мен www.krisha.kz сайтының иесі.Бұлардың қатарына бүгіннен бастапwww.market.kz қосылғаны жарияланды. Түрлі заттарды сату мен сатып алуға арналған жоба нарықтағы бірінші компания болуды көздеп отыр. Осылайша Қазнет тарихында жаңа рекорд жасалды. Бұған дейін Қазнеттегі ең қымбат келісімдердің қатарында Жомарт Сүлейменовтың bistro.kz сайты миллион долларға сатылған еді. Сондай-ақ, Lafa Network компаниясы 14 миллион теңгеге сатып алған алған auto.kz домені Қазнеттегі ең қымбат домен болып есептелінген.

1
0
353

Осы тақырып бойынша

Қазнеттегі рекордтық келісім жаңарды - Yvision.kz