Мазмұнға өту

Жаңа

Екеуі финалға шығып, біреуі қола жүлдегер атанды

Бүгін бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде. Күндізгі бөлімде үш боксшымыз бақ сынап, екеуі финалға шықты, — деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz. Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына бес боксшымыз шыққан. Солардың ішінде бірінші болып шаршы алаңға жалғыз аруымыз көтерілді. Өкінішке қарай, қыздар арасындағы 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова армян қызы Ануш Григоряннан ұтылып қалды (0:3). Одан кейін екі жігітіміз бақтарын сынап, екеуі де жеңіске жетті. 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Шалқар Айқынбай Үндістан үміті Шуан Какараны 2:1 есебімен ұтып, финалға шықты. Ал 56 келідегі Сұлтан Зауырбек Ұлыбритания ұланы Петер Макграинды да төрешілердің екі айырылған шешімімен ұтып (2:1), ақтық с…

0
0
263

Расул Қалиев – еркін күрестен Азия чемпионы

Осыдан бірер минут бұрын қазақтың талантты балуаны Расул Қалиев финалда моңғол балуанын ұтып, еркін күрестен Азия чемпионы атанды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Күрес түрлерінен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде көрермендерді қызыққа бөлеп жатқан Азия чемпионатында дәл қазір ақтық белдесулер өтуде. Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Расул Қалиев Моңғолия балуаны Дамдинбазар Цогтбахтхрмен белдесіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Расулға оңайлықпен келген жоқ. Басында екі ұпай айырмасымен ұтылып жатып, шыбын жанды шүберекке түюге тура келді. Расул бар күш-жігерін салып, жеңіске деген жігерліліктің үлгісін көрсете білді. Басқаша болуы мүмкін емес еді! Расул өз жерімізде, өз көрермендеріміздің алдында сенімді ақтап шықты. Екінші кезеңде қарсыласын аяғынан…

0
0
560

Шабанбай қола медаль еншілеп, Кахидзе күміспен күптелді

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күні Қазақстан балуандары бір алтын, бір күміс, және бір қола медаль жеңіп алды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Бүгін еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде (ерлер төрт салмақта, ал әйелдер күресі өкілдері бір салмақта) Азияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. 57 келі салмақ дәрежесіндегі Расул Қалиевтің абыройымызды асқақтатып, құрлық чемпионы атанғанын жазғанбыз. Боз кілемге одан кейін 65 келі салмақтағы Дәурен Жұмағазиев шыққан болатын. Ол қола жүлде үшін моңғол Батхулун Батмангнаймен күресіп, тартысты өткен белдесуде ұпай айырмасымен ұтылып қалды. Өкінішті, әрине. Дәурен салмақ ауыстырып, содан әлі бабына келе алмай жүрген сияқты. Алар асуы әлі алда деп сенеміз. Бұдан кейін 86 келідегі балуанымыз Аслан Кахидзенің…

0
0
323

Төрт боксшымыз финалда!

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды. Кешкі бөлімдегі екі боксшымыз да жеңіске жетіп, финалға шыққан боксшыларымыздың саны төртеу болды, — деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz. Күндізгі бөлімде 49 келідегі Шалқар Айқынбай мен 56 келі салмақ дәрежесіндегі Сұлтан Зауырбектің өз қарсыластарын ұтып, финалға шыққандарын жариялағанбыз. Кешкі бөлімдегі екі жігітіміз де жерге қаратқан жоқ. 60 келіде Абылайхан Жүсіпов өзбек Икболжон Холдаровқа үстемдік танытып, 3:0 есебімен жеңді. Ал 81 келідегі Вадим Казаков Норвегия боксшысы Вегар Трегренді 2:0 есебімен ұтты. Жартылай финал: Қыздар 51 келі: Алуа Балқыбекова – Ануш Григорян (Армения) – 0:3 Жігіттер 49 келі: Шалқар Айқынбай – Шуан Какара (Үндістан) – 2:1 56 келі: Сұлтан Зауырбек – Петер Макгра…

0
0
163

Табиғат үн қаталса

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал (суреттер) авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Табиғат, үн қаталса, Айтар еді, білгенін. Ғасырлық, тарихы болса, Жеткізер еді, көргенін. Жайнап тұр - ау, гүлдерім, Бар нәзік, жұпар иісімен. Жеткізер еді, ол үнін, Көргенін, аздап білгенін. Жапырағын ашып, ақ күнге, Сыбырлап тұр-ау, ағаштар. Ұнаса, мынау көңілге, Тоқтамай ол да, сыр ашар. Әндетіп, ұшып барады, Аспанда, сұлу құстарым. Білгенін, әнмен айтады, Түсінсең осы, деп жаным. Қабағын тұйып, тұрғандай, Тауларым қарап, баршаға. Айтқысы келіп, тұрғандай, Бар сырын төгіп, ортаға. Қалыспай, желде керісінше, Самалмен, желпіп өтеді. Айтқысы келіп, өзінше, Сыбырлап жайымен, кетеді. Табиғат, сенсіз, менде жоқ, Мен бол…

0
1
1715

«Жасыл ел» акциясы батыс өңірінде

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Қоғамдық кеңес өткізген «Жасыл ел» акциясы шеңберінде Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов Атырау гарнизонында болды. Өңірге жұмыс сапары барысында полковник М. Таласов Қоғамдық кеңестің XVII пленарлық отырысына және «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылуына қатысты. Полковник М. Таласов Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ. Дүйсембаевпен кездесіп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі бірлескен іс-шараларды іске асыру мәселелерін талқылады. Ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының штабында болып, қолбасшы басқармасының және әскери бөлімдердің офицерлерімен, сержанттармен, Атырау қаласындағы жалпы білім беретін және арнайы оқу орын…

0
0
758

Ақпараттық жаршының алғашқы нөмірі жарық көрді

Ақмола облыстық соты ағымдағы жылдан бастап «Сот жаршысы», «Аkmolasud.kz ИНФОРМ» деп аталатын ақпараттық, тоқсан сайынғы, қос тілді дайджест басылымын  жарыққа шығара бастады.

http://sud.kz/kaz/news/akparattyk-zharshynyn-algashky-nomiri-zharyk-kordi

0
0
577

Состоялась традиционная лекция «Дін бірлігі – ұлт тұтастығының кепілі»

23 апреля т.г. в г. Алматы Национальной Академической библиотеке Республики Казахстан состоялась традиционная лекция «Дін бірлігі – ұлт тұтастығының кепілі», на которой выступил Председатель Агентства Республики Казахстан по делам религий Марат Азильханов и Председатель Духовного управления мусульман Казахстана, Верховный муфтий Ержан кажы Малгажыулы. На встрече приняли участие представители интеллигенции в лице писателей и ученых города Алматы: Жумадилов Кабдеш, Нурпейсов Абдижамиль, Сартаев Султан, Ашимов Асанали, Ашимханулы Дидахмет, Ауезов Мурат, Аманшаев Ермек, Айтхожина Марфуга, Исабеков Дулат, Калижан Уалихан, Медетбек Темирхан, Нарымбетов Сатыбалды, Абдезулы Кансейт, Кирабаев Серик, Қулкенов Мереке и др. В своем выступлении М. Азильханов ознакомил участников встречи основной деяте…

0
0
401

Жаңа Өрмекші-Адам: Миссия орындалды.

24 сәуірден бастап барлық кинотеатрларды «Жаңа Өрмекші-Адам: Қуатты кернеу» атты Sony Pictures компаниясының кезекті туындысы қазақ тілінде көрерменге жол тартады. Өрмекші-Адамның бет-бейнесіндегі супергерой, сүйікті қызы Гвэн және сәтсіз тәжірибенің құрбандығы болған жағымсыз кейіпкерлердің төңірегінде өрбитін туынды бұл жолы негізгі құпиясымен бөліспек. Осыған дейін Мэй тәтесі мен Бэн ағасының қамқорлығында өскен Питер Паркер бұл жолы өзінің әке-шешесіне қатысты шындықтың беті ашады. Бұл туралы толығырақ 24 сәуірден бастап біле аласыздар, ал әзірге фильм туралы бірер фактілер. - Негізгі актерлік құрам өзгермеген. Басты ролде Эндрю Гарфилд пен Эмма Стоун кейіпкерлерінің арасындағы жанқиярлыққа толы махаббат көрінісіне куә боламыз. - Фильм арнайы эффектілерге сараңдық танытпаған. Ең басты…

0
0
972

Балық шаруашылығын дамыту жөнінде

2014 жылдың 23 сәуірінде Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жұмыс тобының мүшелері Ертіс балық шаруашылығы бассейнінің өзекті мәселелерін қарастырып, өңірде балық ресурстарын қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және балық шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады. Өткен жылдың қазан айында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың бастамасымен құрылған орман, аңшылық және балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің талқылауына салалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлейтін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған болатын. Аталған жұмыс тобының биылғы 17 ақпанда өткізген ал…

0
0
467