Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосты
BNews.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысы орнында капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгін біз ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосып отырмыз. Маңызды нысан. Осы күнге дейін Астананың бірталай нысандарының құрылысын іске қосқан едім, қазір қала құлпырып тұр. 2017 жылға – яғни астанамыздың 20 жылдығына – ЭКСПО-2017-нің ашылу салтанаты тұспа-тұс келіп отыр. Мұндай нысанды бұрын соңды салған емеспіз. Негізінен, бұл Астананың жаңа орталығына айналады, бұл дегеніңіз өте бірегей әрі қызықты, бұрын бізде болмаған жаңа нысандар», – деді Президент. Елбасы сондай-ақ нысан құрылысында мүлде жаңа архитектуралық идеялар мен инновациялық технологиялар қолға алынып жатқанын атап өтті. «Нысандардың басым бөлігі «жасы…
