Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балық шаруашылығын дамыту жөнінде

2014 жылдың 23 сәуірінде Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Жұмыс тобының мүшелері Ертіс балық шаруашылығы бассейнінің өзекті мәселелерін қарастырып, өңірде балық ресурстарын қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және балық шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады.
Өткен жылдың қазан айында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың бастамасымен құрылған орман, аңшылық және балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің талқылауына салалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлейтін жұмыс тобын  құру туралы шешім қабылданған болатын.
Аталған жұмыс тобының биылғы 17 ақпанда өткізген алғашқы отырысында Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнінің өзекті мәселелері қарастырылып, олардың оңтайлы шешілуі бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілген болатын. Қазіргі таңда сол ұсыныстардың негізінде нақты шаралар қолға алынды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-6/

0
0
456

Осы тақырып бойынша

Балық шаруашылығын дамыту жөнінде - Yvision.kz