Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы агенттігі мен Қазақстан футбол федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылғы 24 сәуірде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) және Кәсіпқой футбол лигасы (бұдан әрі – КФЛ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Агенттік пен КФЛ Қазақстан Республикасының аумағындағы Кәсіпқой футбол лигасымен өткізілетін футбол ойындарының немесе додалардың «алдын ала келісілуіне» және ойындардың «сатып алынуына» жол бермеуге күштерін жолдамақ. Бүгін ынтымақтастық туралы меморандумға Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мен Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман қол қойды. Тараптар бұл серіктестіктің нәтижесінде ұлттық футболдағы құқық бұзушылық мәселесі шешімін тауып, келісілген ойындардың тамырына балта шабылатынына сенім…

0
0
294

ҚР Жоғарғы Сотында Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтлізіледі

2014 жылғы 25 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотында Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау мақсатында өтетін дөңгелек үстел www.sud.kz интернет-ресурсында онлайн-режимде көрсетілетін болады.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Сот және жергілікті соттар судьялары, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Судьялар одағының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, шетелдік сарапшылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады.

http://sud.kz/kaz/news/kr-zhogargy-sotynda-kazakstan-respublikasy-azamattyk-zhurgizu-kodeksinin-zhana-zhobasyn

0
0
292

Павлодар облысы бойынша инспекция Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөнінде кеңес өткізді

Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияда Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде нарық субъектілерімен кеңес өтті.

0
0
215

Нұрсұлтан Назарбаев: EXPO-қалашық Астананың жаңа орталығына айналады

ҚазАқпарат- Астанада Назарбаев Университетіне қарама-қарсы EXPO-қалашық құрылысы басталды. Бүгін Мемлекет басшысы көрме кешенінің іргетасына капсула салды.«Біз бүгін EXPO-2017 нысандарының құрылысын бастап кеттік. Аса маңызды нысан. Осы жылдар ішінде мен Астанада көптеген нысандардың құрылысын бастаған болатынмын. Елорда тамаша қалаға айналды. 2017 жылы Астанаға жиырма жыл толады, бұл EXPO-2017 көрмесімен тұспа-тұс келеді. Мұндай нысанды біз әлі салған емеспіз. Түптеп келгенде, бұл Астананың жаңа орталығы болады. Мұнда бұрын-соңды тұрғызылмаған бірегей және айшықты, инновациялық, жаңа нысандар салынады», – деді ҚР Президенті капсуланы салу рәсімінде. Оның айтуынша, нысандарды салу барысында бірегей сәулеттік шешімдер мен технологиялар қолданылады. Көптеген нысандар «жасыл» энергиямен қамт…

0
0
293

Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосты

BNews.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысы орнында капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгін біз ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосып отырмыз. Маңызды нысан. Осы күнге дейін Астананың бірталай нысандарының құрылысын іске қосқан едім, қазір қала құлпырып тұр. 2017 жылға – яғни астанамыздың 20 жылдығына – ЭКСПО-2017-нің ашылу салтанаты тұспа-тұс келіп отыр. Мұндай нысанды бұрын соңды салған емеспіз. Негізінен, бұл Астананың жаңа орталығына айналады, бұл дегеніңіз өте бірегей әрі қызықты, бұрын бізде болмаған жаңа нысандар», – деді Президент. Елбасы сондай-ақ нысан құрылысында мүлде жаңа архитектуралық идеялар мен инновациялық технологиялар қолға алынып жатқанын атап өтті. «Нысандардың басым бөлігі «жасы…

0
0
368

Қостанай облысы әкімдігінің Басаман орман мекемесіндегі орман өрті туралы ақпарат

23 сәуірде 10 сағат 20 минутта Қостанай облысы әкімдігі Басаман орман мекемесінің Қазанбас орманшылығында орман өрті шықты. Өрт қамтыған мемлекеттік орман қорының бастапқы жер көлемі500 гажуық алқапты құрайды. Орман өртінің шығуына Әулиекөл ауданы Қазанбас селолық округінің босалқы жерлерінен дала өртінің тарауы себеп болды. Орман өртінің орын алуы жайында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды. Орман өртін сөндіруге Басаман және Семиозер орман мекемелерінің, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, Қостанай облысы орман өртіне қарсы қызметінің қызметкерлері мен техникасы, сондай-ақ жергілікті халық жұмылдырылды. Орман өртін сөндіруге барлығы: өрт сөндіру машиналары – 26 бірлік; трактор – 8 бірлік; 95 адам тартылды. Сондай-ақ орман өртін сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұш…

0
0
372

Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 24 сәуір)

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Алқада 2013 жыл және 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы негізделген іс жүргізу шешімін қабылдауға бағытталған қылмыстар туралы арыздар бойынша бастапқы тексеру әрекеттерінің заңдылығы мен уақтылығының жай-күйі туралы мәселе қаралды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturanyn-alka-mzhilisi-turaly-baspasoz-akparaty-astana-k-2014-zhylgy-24


0
0
403

АДБ Қазақстанға «жасыл экономиканы» енгізуге жәрдемдеседі

BNews.kz Азия даму банкі Қазақстанға «жасыл экономика» қағидаттарын және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу кезінде жәрдемдеседі, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан мен АДБ арасындағы 2012-2016 жылдарға арналған әріптестік стратегиясында көрсетілгендей, қазіргіу уақытта Банк Қарағанды қаласының орталықтандырылған жылу желілерін оңалтуға қатысты дайындық жұмыстарына техникалық көмек көрсетуде», – делінген хабарламада. Аталған жоба «Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» орындауға септігін тигізеді, «2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен» үндеседі, сондай-ақ, ҚР Үкіметінің энергия тұтынуды және отын ресурстарын тиімсіз пайдалан…

0
0
227