Еркін күрестен Азияның төрт жүлдесін еншіледік
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні біздің балуандар екі медаль олжалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін де еркін күрес шеберлері төрт, ал әйелдер күресіндегі балуан қыз-келіншектер бір салмақ дәрежесінде Азия чемпионы мен жүлдегерлерін анықтады. Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесіндегі тәжірибелі балуанымыз Татьяна Аманжолдың құрлық чемпионы атанғанын жаздық. Бүгінгі екінші жүлдені еркін күрестен 61 келі дәрежесінде бақ сынаған, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков еншіледі. Биылғы Азия чемпионатында да Дәулетке бұйырғаны қола болды. Ол былтыр да Үндістанда өткен құрлық біріншілігінде үшінші орын алған еді. Дәулет Астана кілеміндегі алғашқы белдесуінде өзбек Дильшод Мансуровты ұтқанымен, жартылай финалда…
