Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанай облысы әкімдігінің Басаман орман мекемесіндегі орман өрті туралы ақпарат

23 сәуірде 10 сағат 20 минутта Қостанай облысы әкімдігі Басаман орман мекемесінің Қазанбас орманшылығында орман өрті шықты.
Өрт қамтыған мемлекеттік орман қорының бастапқы жер көлемі500 гажуық алқапты құрайды.
Орман өртінің шығуына Әулиекөл ауданы Қазанбас селолық округінің босалқы жерлерінен дала өртінің тарауы себеп болды.
Орман өртінің орын алуы жайында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды.
Орман өртін сөндіруге Басаман  және Семиозер орман мекемелерінің, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, Қостанай облысы орман өртіне қарсы қызметінің қызметкерлері мен техникасы, сондай-ақ жергілікті халық жұмылдырылды.
Орман өртін сөндіруге барлығы:
өрт сөндіру машиналары – 26 бірлік;
трактор – 8 бірлік;
95 адам тартылды.
Сондай-ақ орман өртін сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы қатысуда.
Орман өртін сөндіруге Қостанай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы К. К. Төлеубаев басшылық жасауда.
Қазіргі кезде орман өрті ауыздықталып, оны толық жою шаралары қолданылуда.
Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы орман өрті жойылғаннан кейін осы оқиға бойынша қызметтік тексеру өткізетін болады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-13/

0
0
366

Осы тақырып бойынша