Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосты

BNews.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысы орнында капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгін біз ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосып отырмыз. Маңызды нысан. Осы күнге дейін Астананың бірталай нысандарының құрылысын іске қосқан едім, қазір қала құлпырып тұр. 2017 жылға – яғни астанамыздың 20 жылдығына – ЭКСПО-2017-нің ашылу салтанаты тұспа-тұс келіп отыр. Мұндай нысанды бұрын соңды салған емеспіз. Негізінен, бұл Астананың жаңа орталығына айналады, бұл дегеніңіз өте бірегей әрі қызықты, бұрын бізде болмаған жаңа нысандар», – деді Президент.
Елбасы сондай-ақ нысан құрылысында мүлде жаңа архитектуралық идеялар мен инновациялық технологиялар қолға алынып жатқанын атап өтті.
«Нысандардың басым бөлігі «жасыл» энергиямен қуаттандырылғн, яғни жел күшімен, күн сәулесімен. Олар ғалымдар мен жастарға зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қызмет атқаратын болады. Ол Назарбаев университетінің базасына айналып, жаңа технологиялар мен жаңа идеяларды өмірге әкелу үшін қолайлы орталыққа айналады», – деп қосты Н.Назарбаев.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-14/

0
0
361

Осы тақырып бойынша

Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын іске қосты - Yvision.kz