Мамандығым - мақтанышым...
Адам өмірге келгенде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі тиіс деп жатады. Бірі – өмірлік жартыңды таңдау болса, екіншісі – мамандық таңдау. Осыдан алты жыл бұрын маған жоғарыда аталғандардың бірін таңдау сәті түсті. Ел қатарлы ҰБТ тапсырып, қолыма он бір жылдық білімімнің қорытынды қағазын алып, ЖОО таңдауға кірістім. Алған білім мен тәрбиенің арқасында еліміздегі сексен жылдық тарихы бар, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті атанып, еліміздің шалғай елді мекендерінде біле бермейтін «әлеуметтану» деген мамандыққа оқу грантын иемдендім. Әлеуметтану – қоғамдық пікірді зерттейтін ғылым. Шетелде өте жақсы дамыған, Қазақстанда жақсы қарқынмен дамып келеді. Кеше ғана ғылым ордасында бесінші әлеуметтанушылар конгресі өтті. Қоғамның барлық құбылыстарын, қоғамдағы жағдайларға сарапта…
