Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан 55-ші әлем чемпионаты өтеді. Спорттық шара Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы», ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовты еске алуға арналады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «СЦКА» Спорт клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сайыста әлемнің 25 елінің, атап айтқанда Колумбия, Франция, Бразилия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Ресей, Голландия, БАӘ, Кувейт, Тунис, Грузия, Ирак, Нигерия елдерінің белгілі спортшылары былғары қолғап түйістіреді. Қазақстанда мұндай ауқымды шара өткізу әскери спортшыларымыздың үлкен жетістігімен тікелей байланысты», — деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, бокстан 55-ші әлем чемпионаты 26 мамыр мен 4 маусым аралығында «Достық» спорт кешенінде өтеді. Ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, қала әкімшілігі, ҰОС және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады деп жоспарлануда.

Басты сөздер: СпортАлматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
184

Осы тақырып бойынша

Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді - Yvision.kz