Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

І Ұлттық экологиялық форум өтті.

Сәуір айының 23-24 жұлдызы күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және ғылым министрлігі және «Жандану» қорының ұйымдастыруымен І Ұлттық экологиялық форум өтті. Форумның мақсаты еліміздегі табиғатқа бей-жай қарамайтын жандардың басын біріктіру еді. Ол мақсат жүзеге асты десек те болады. Себебі, еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 100-ге жуық студент пен жетекшілер форум жұмыстарына қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы, әрине, бұл шараның ұйымдастырылуынан тыс қалған жоқ. Арнайы ҚазҰУ студенттерінің жасыл экономикаға және экологияға қатысты жұмыстарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форум аясында аймақтардың экологияға қатысты бейнероликтерінің байқауы болып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қорытынды шарада тұңғыш рет «Жандану» қорының гимні шырқалды, сонымен қатар форум жұмыстарына белсенді қатысқан университеттер қор жетекшісі А. Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды.

Бұл өте жақсы бастама деп есептеймін, өйткені қазіргі таңда біз күнделікті тіршіліктермен өмірдегі маңызды дүниелерді ұмытып кетіп жүреміз. Солардың ең бастыларының бірі, экология. Таза ауа, көркем табиғат, салауатты ұрпақ – еліміздің басты байлығы және болашағы.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Әлеуметтану мамандығының 2-курс магистранты

Тленчиева Шырын Муратқызы

 
0
0
1043

Осы тақырып бойынша

І Ұлттық экологиялық форум өтті. - Yvision.kz