Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді.

Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы  Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер  26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты.

Головкин мен Гил арасындаға келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек MSG-нің 20 мың адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері Madison Square Garden-нің 5600 көрермен сыятын театрында өткен болатын.

Айта кетер жайт, Головкин екінші орта салмаққа ауысуға  және осы салмақтағы боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Боксшының командасы да бұл бастамаға қарсы емес.   Геннадий Головкин 31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен  және осы дивизонның мықты боксшысы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
235

Осы тақырып бойынша

Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды - Yvision.kz