«Астана» баскетбол клубы осы жылғы маусымды қорытындылады
«Астана» клубы 2011 жылы құрылып, өткен жылы президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енді.
Сондай-ақ алғаш рет ВТБ біртұтас лигасының плей-офф кезеңіне өтті. Топтың бас бапкері Александр Трифумовичтің айтуынша, спортшылар келесі маусымға сақадай сай. Ендігі ретте «Еврочеллендж» халықаралық турнирына қатысу басты мақсат болмақ.
Айдар Махметов, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы қамқорлық кеңесінің мүшесі:
- Осы үш жыл бойы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Биыл 3-рет Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстан кубогын 4 рет жеңіп алған.

