Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ

BNews.kz 1 шiлдеден бастап Қазақстанда парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ. Бұл туралы VII Астана экономикалық форумы барысында Қоршаған орта және су ресурстары министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. «1 шiлдеден бастап Қазақстанда парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ. Бұл ТМД елдерiнде алғаш рет қолға алынып отыр. Сонымен қатар биыл бiз қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша бiрнеше жобаларды құрылымдаймыз. Сондай-ақ қалпына келтiрiлетiн энергетика бойынша алғашқы жобалар да пайда болды. Алдағы уақытта бiз тарифтердi бекiтемiз. Бұл Қазақстандағы қалпына келетiн энергетиканы дамыту үшiн үлкен қадам болмақ. Бүгiнде бiршама жобалар әзiрленуде. Бұл жобалардың көлемi 3 млрд долларды құрайды. Олар алдағы 3-4 жылда инвестицияланатын болады», –…

0
0
254

VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды

BNews.kz VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды. Бұл туралы бүгін VII АЭФ аясында өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингі барысында «Жасыл академия» жобасы – NESDCA президенті Бақыт Есекина мәлімдеді. «Smart green» панельдік сессиясындағы талқылаулар барысында біз бірақатар ұсыныстар пакетін қабылдадық. Олар жалпы алғанда VII Астана экономикалық форумына қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне арналған «жасыл» принциптерді алға тарту мен қолдау саласындағы мемлекеттік қолдау, құрылымдық реформалар жүргізуге үндеу болып табылады», – дейді Б.Есекина. «Сонымен қатар, бұл үндеу әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа климат өзгеруінің әсерін зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, ұлттық статистика жүйесінде «жасыл» қорғаныс тәсілдерін әзірлеу және е…

0
0
165

«Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану мәселелері» тақырыбындағы семинар

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану мәселелері» тақырыбында семинар болып өтті.

http://sud.kz/kaz/news/kazakstan-respublikasynyn-salyk-zannamasyn-koldanu-mseleleri-takyrybyndagy-seminar


1
0
306

Өмірде жалғыздық болмасын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен автор – Мелодия души «Белгісіз»

Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Жалғыздық, болмасын, өмірде,

Қос болып, адам жаралған.

Босайды-ау, неге көңілде?

Таба алмай, қосағын, бұйырған.

 

Армандап, ұшқым келеді,

Сыңарым, қайдасың, қайда?

Үмітпен, самал жел, жебейді,

Самғатып, талай, арманда.

 

Кеудемді қысып, барады,

Өкініш, сары, өкініш.

Неліктен, жолым болмады?

Болғаны, тек қана, өкініш.

 

Жалғыздық, кімге жарасқан?

Атпады-ау, таңым, алдымнан.

Армандап, арман, шалқыған,

Бой бермей, тағдыр, таласқан.

 

Қалмады-ау, жалғыздық, соңымнан,

Тілекті тілеп, жатсамда.

Көңілде болды-ау, ту талқан,

Сенімді құрып, жатсамда.

0
1
760

Мамандығым - мақтанышым...

Адам өмірге келгенде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі тиіс деп жатады. Бірі – өмірлік жартыңды таңдау болса, екіншісі – мамандық таңдау. Осыдан алты жыл бұрын маған жоғарыда аталғандардың бірін таңдау сәті түсті. Ел қатарлы ҰБТ тапсырып, қолыма он бір жылдық білімімнің қорытынды қағазын алып, ЖОО таңдауға кірістім. Алған білім мен тәрбиенің арқасында еліміздегі сексен жылдық тарихы бар, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті атанып, еліміздің шалғай елді мекендерінде біле бермейтін «әлеуметтану» деген мамандыққа оқу грантын иемдендім. Әлеуметтану – қоғамдық пікірді зерттейтін ғылым. Шетелде өте жақсы дамыған, Қазақстанда жақсы қарқынмен дамып келеді. Кеше ғана ғылым ордасында бесінші әлеуметтанушылар конгресі өтті. Қоғамның барлық құбылыстарын, қоғамдағы жағдайларға сарапта…

0
0
1510

ҚазҰУ-ға деген махаббат...

Алты жыл бұрын еліміздегі ең бірінші, қарашаңырағымыз – әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті атандым. Бұрынғы кездері үлкендер «өмірдегі ең қызықты шақтар – студенттік шақтар» десе түсінбейтін едік. Артыма үңіліп қарасам, шыныменде қызыққа толы қайнаған жастық шақтың қалай бір мезетте өткендігін де байқамаппын. Нағыз өмірлік достарды осы жерден таптым. Ұмытылмас кештер мен сәттер осы университетте болды. Өмірдегі ең ыстық сезімдер мен пейілдер, сыйластық пен құрмет – барлығын осы ҚазҰУ-дан алдым. Әрине, мұның барлығы менің университет белсенділерінің, яғни «қаймақтарының» қатарына қосылған кезімнен басталды. Университет студенті атанған сәттен бастап, университеттің белсенділерінің қатарына кіруге асықтым. Олардың қатарына да ендім. Университетте болып жатқан барлық іс-шаралардан тыс қа…

0
0
997

І Ұлттық экологиялық форум өтті.

Сәуір айының 23-24 жұлдызы күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және ғылым министрлігі және «Жандану» қорының ұйымдастыруымен І Ұлттық экологиялық форум өтті. Форумның мақсаты еліміздегі табиғатқа бей-жай қарамайтын жандардың басын біріктіру еді. Ол мақсат жүзеге асты десек те болады. Себебі, еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 100-ге жуық студент пен жетекшілер форум жұмыстарына қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы, әрине, бұл шараның ұйымдастырылуынан тыс қалған жоқ. Арнайы ҚазҰУ студенттерінің жасыл экономикаға және экологияға қатысты жұмыстарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форум аясында аймақтардың экологияға қатысты бейнероликтерінің байқауы болып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қорытынды шарада тұңғыш рет «Жандану» қорының гимні шырқалды, сонымен қатар форум ж…

0
0
1057

«Мәңгілік ел» ұлтымыздың ұлы бағдары

Еліміздің Ата Заңында айшықталған қағидатқа сәйкес, ел Президенті жыл сайын елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына байланысты жылсайын Қазақстан халқына жолдау арнайды. Биылғы Жолдау қаңтардың 17-ісіне дөп келгені белгілі. «Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас» дегендей, Елбасымыздың биылғы Жолдауы елдің еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы бірегей стратегиялық тарихи құжат болды. Егер де Елбасы 2013 жылы «Қазақстан - 2050» стратегиясын - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғысында жарияласа, жаңа Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын нақтылы шегелей ұсынды. Сонымен қатар биылғы Жолдаудың ең басты жаңалығы – «Мәңгілік ел» идеясы болды десек қате айтпағандығымыз болар. «Елді іс біріктіреді, сөз бұзады» дейтін дана х…

0
0
3359

Бокста жетістікке жету үшін 18 жыл тер төктім — Серік Сәпиев

Спортта өзінің басты мақсатына қол жеткізіп, олимпиада чемпионы атану үшін Серік Сапиев 18 жыл тер төккен. Бұл туралы бүгін танымал боксшы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайындағы спорттағы дарынды балалармен кездесу барысында айтты. «Менің сіздерге айтарым, алдыға мақсат қойып, соған қарай ұмтылу керек. Мен боксқа 10 жасымда келдім, 28 жасымда олимпиада чемпионы атандым, өз мақсатыма қол жеткізу үшін 18 жыл дайындалдым. Басында Олимпиада туралы ойлаған да жоқпын. Кейін спорт шебері нормативін орындағаннан кейін, өз мүмкіндіктерімді сезіне бастадым. Содан кейін барып менде бокста бір жетістікке жету мақсаты пайда болды», — деді С.Сапиев. Қиындыққа тап болғанға мойымауды да айтты, өйткені болашақ олимпиада чемпионының да алғашқы ойындары сәтсіз өткен бо…

0
0
529