Мазмұнға өту

Жаңа

Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты. Головки…

0
0
237

Шетелдік мамандар Қарағандының Азия чемпионатына әзірлігін тексерді

Қарағандының велосипед спорты бойынша Азия чемпионатының тас жолдағы жарысын өткізуге әзірлігін шетел мамандары десанты тексерді, деп хабарлады Азиялық велоспорт конфедерациясының (АСС) бас хатшысы Чой Бу Вунг. «Алдын ала бағаладық. Қазақстанның Велоспорт федерациясының құзыретті қорытындысын негізге ала отырып, олармен жұмыс жасадық. Қазірде жарысқа дайындық шаралары туралы ақпаратты алып, таңдауымыз дұрыс болды деп санаймыз», — деді Қарағандыдағы баспасөз мәслихатында конфедерация өкілі. Ол бағалау үшін Қарағандыға техникалық мамандар десанты жіберілгенін айтып өтті. «Мамандар барлық тас жолды аралап шықты, әр секторда барлық қажетті инфрақұрылымның бар-жоқтығы тексерілді. Инспекторлар тобының есептеріне сәйкес қала чемпионат ұйымдастыру үшін орындарға қоятын талаптарға толықтай сәйкес…

0
0
277

«Сарыарқаның» бас бапкері Владивостокқа кетіп қалды

«Сарырақа» клубымен қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Братина кубогын жеңіп алған словак маманы Душан Грегор Ресейдегі «Адмирал» клубына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін «Адмирал» хоккей клубының ресми сайты Душан Грегормен келісімшартқа отырғандарын қуана жариялады. Бірақ келісімшартының мерзімі жазылмаған. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл – өмір. «Адмирал» – Құрлықтық хоккей лигасындағы команда. Қандай бапкер болсын, деңгейі жоғары лигадағы команданы жаттықтырып, өсе бергісі келеді. Сондықтан Душан Грегорге ешқандай да өкпе арта алмаймыз. Словак маманы былтыр күзде (қазан айының соңғы күндері) кежегесі кейін тартып, көш соңына түсіп кеткен «Сарырақаға» бас бапкер болып тағайындалып, кеншілер клубының ойынын түлеткен. Жарты жылдың ішінде Қазақстан клубымен…

0
0
324

«Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбындағы семинар

Бүгін ҚР Жоғарғы Соты «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізді.

http://sud.kz/kaz/news/sot-kenselerinde-kagazdaryn-zhurgizude-memlekettik-tildin-koldanyluy-takyrybyndagy-seminar


0
0
416

Көкшетаулық полицей 5 жасар баланы оттан аман алып шықты.

Көкшетаулық полицей 5 жасар баланы оттан аман алып шықты. «BNews.kz», 22.05.2014ж. Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері, полиция капитаны Серғазы Мейірманов 5 жасар баланы оттан аман алып шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Сәуле Хамзина хабарлады. «20 мамырда Мейірманов ұрланған велосипедтің жай-күйін анықтау үшін мекемеден шығып кетеді. Оқиға болған жерді тексеріп болған соң көшеге шығады. Осы уақытта көрші үйдің екінші қабатындағы балконнан будақтап шыққан түтінді байқайды. Ойланып жатпай, өртеніп жатқан пәтерді бетке алып, жүгіре жөнеледі. Үй тұрғындарының бірін ертіп, пәтердің есігін ашады. Үйде қамалған 5 жасар баланы өрттен алып шығады. Артынша пәтерге қайта кіріп, өртенген матрас пен едендегі кілемді өшіре бастайды», - дейді С.Хамзина. Баланың айту…

0
0
334

Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды.

Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды. «BNews.kz», 22.05.2014г. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде кинологиялық қызмет орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Полицейлердің ақпаратына қарағанда, мұнда 12 қызметтік-іздестіру иті бар. Тәртіп сақшыларының төрт аяқты көмекшілерінің арасында неміс және бельгия овчаркасы, спаниель мен лабрадор тұқымдас иттер бар. Олар есірткі мен жарылғыш заттарды іздеп, қылмыскерлердің ізіне түсетін болады. Қызметтік иттерге жылы орындар мен жаттығу жасайтын арнайы алаңдар қарастырылған. Орталық ғимаратында кинологиялық қызмет мамандарына арналған кабинеттер, ветеринарлық дәріхана, иттерге арналған госпиталь және ас дайындау орны жұмыс істейді. Орталықты ашуға облыстық бюджеттен 15 млн теңге шамасында қаржы бөлінді. Қызметтік иттер…

0
0
343

Жазғы демалыс қарсаңында елордалық полицейлер оқушыларды қауіпсіздікке шақырады

Жазғы демалыс қарсаңында елордалық полицейлер оқушыларды қауіпсіздікке шақырады. «ҚазАқпарат», 22.05.2014ж. Астаналық полицейлер «Назар аударыңыз - балалар!» жедел алдын алу шарасы шеңберінде ЖКО салдарынан зардап шеккен балаларға жарық шағылыстыратын білезіктер сыйлады. ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан astana.kz сайтына хабарлағандай, бүгінгі таңда 28 жол-көлік оқиғасында 27 бала түрлі жарақаттар алды, біреуі көз жұмды. Соның ішінде 23-і жолдың тыйым салынған бөліктерінен өтсе, кәмелетке толмаған төртеуі ата-аналардың балаларға арналған ұстау заттарынсыз тасымалдауы салдарынан жарақаттар алды. «Осы күндері апат салдарынан 10 жасар қыз-жолаушы көз жұмды. Бұл көлікте де балаларға арналған автокресло болмаған», - деді ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері Лариса Красникова. Бүгі…

0
0
342

«Жолың болсын жас түлек»

Кеше Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры мектеп бітіруші түлектерге «Жолың болсын жас түлек» атты кездесу өткізді. Мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болып қалыптасуын нығайту мақсатында өткен шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Алпысбаев Ерғали…

0
0
451

АЭФ-та «жасыл» экономиканы ілгерілету механизмдері талқыланды

2014 жылғы 21 мамырда Астаналық экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су министрлігі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі және ЮСАИД Орталық Азиядағы уәкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Smart Green Business Forum» панельдік сессиясы өтті. Көтеріліп жатқан тақырыптың өзектілігі сессия барысында талқыланған мәселелер шеңберін анықтады: • «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету механизмдері; • Климаттың өзгеруін бәсеңдетудің нарықтық тетіктері; • «Жасыл» экономикаға бағытталған білім трансферті; • «Жасыл» бизнеске инвестициялардың тартылуын ынталандыру; • Орман шаруашылығы секторындағы кәсіпкерлікт дамытуі; • Бизнес шешімдер: таза судың қолжетімділігі. Сессия жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары…

0
0
340

VII Астана экономикалық форумы аясында мемлекеттік қызмет жүйесінде персоналды басқару мәселелері бойынша панельдік сессияның өткені туралы

Бүгін елордада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумының аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі жүйесінде құзырлық негізінде персоналды басқару» тақырыбында панельдік сессия болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/vii-astana-ekonomikalyk-forumy-ayasynda-memlekettik-kyzmet-zhuyesinde-personaldy

0
0
844