Мазмұнға өту

Жаңа

Елордалық полицейлер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алады.

Елордалық полицейлер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алады. «BAQ.KZ», 27.05.2014ж. Бүгін елордалық полицейлер Астана қаласының прокурорларымен бірлесіп Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында рейд өткізеді. Айта кетейік, Астана қаласының аумағында автоматты режимде бұзушылықтарды түсіретін 60 фото және бейнетіркеу жүйесі, соның ішінде 48 «Red speed» стационарлық жылдамдық өлшегіші және жол қиылыстарынан өту кезіндегі бұзушылықтарды суретке түсіретін 12 «Интегра» жол қозғалысын бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады. Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Астана қаласында тәртіп бұзушылардың мекенжайлары бойынша…

0
0
270

«Жаһандану жағдайындағы бәсекелестік» атты Халықаралық конференция өтті

2014 жылғы 23 мамырда сағат 16.30-да VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) шеңберінде «ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК» атты халықаралық конференция өтті, оны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) болып табылады.
Ғ. Оразбақов бәсекелестік мәселелері жөнінде диалог алаңын құру бастамасын көтерді. Аталған алаң «G-Global» платформасында жұмыс істейтін болады.
Бұл бастама қандай мүмкіндік береді?
Біріншіден, қоғам үшін қолжетімділігі. Яғни, әрбір қатысушы жаһандық бәсекелестікті дамытуға өз үлесін қоса алады.
Екіншіден, монополияға қарсы реттеу тәсілдерін жетілдіру үшін пайдалануға болатын монополияға қарсы реттеу жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді жинақтау.

0
0
690

Жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті!

"ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл аудандық бөлімі жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің тақырыбы "E.gov - игеру мен пайдалану заман талабы". Мақсаты оқушыларға электронды портал жүйесін түсіндіру насихаттау. Кездесу аудандың барша оқу орындарында өткізілді.

1
0
297

«Таза су тоғандар» табиғат қорғау науқаны

2014 жылдың 22 мамырында Халықаралық қоршаған орта күні қарсанында Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Тобыл өзенінде «Таза су тоғандар» табиғат қорғау науқанын өткізді. Аталмыш науқанға Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев, инспекция қызметкерлері, Қостанай АІІБ табиғат қорғау полициясы қызметкерлері, Қостанай облыстық әкімдігінің табиғат ресурстары басқармасының, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС солтүстік филиалының, БАҚ өкілдері, сонымен қатар мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Нәтижесінде Тобыл өзенінің 20 шақырымнан астам акваториясы тазартылды, 300 метрдей полиамидті моножіпт…

0
0
705

Қазақ асығы алшысынан түскен күн

Кеше Астанада асық атудан республикалық ашық турнир болып өтті. Жарыс шымылдығын ашқан ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан асық спортының ата-бабамыздан қалған дәстүр екендігін баса айта келе, бұл спорттың демократиялық спорт түрі екендігін, мұнда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ойнауға мүмкіндіктің барын айтып, қатысушыларға жеңіс тұғырынан көрінуіне өз тілектестігін білдірді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде ұйымдастырылған бұл турнирге еліміздің барлық облысы мен Астана және Алматы қалаларынан барлығы 16 команда өзара бақ сынасты. Жарыс барысында екі топқа бөлінген: 16-ға толмаған және 16-дан асқан спортшылар арасында қызықты бәсеке өрбіп, қатысушылардың үлкені бар, кішісі бар намысты қолдан бермеуге тырысты. А…

0
0
914

Сот ғимаратына төлем терминалы орнатылды

Мемлекет басшысының Қазақстан Судьялар одағының VI съезінде берген тапсырмасына сәйкес, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету  және сот актілерінің орындалу сапасын жақсарту мақсатында осы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

http://sud.kz/kaz/news/sot-gimaratyna-tolem-terminaly-ornatyldy-0

0
0
344

«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жуалы ауданында семинар өтті

26 мамыр 2014 жылы сағат 12.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Семинардың мақсаты аудан тұрғындарына ХҚКО мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін насихаттау және түсіндіру. Қызметтердің көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жаңа 25 мемлекеттік қызмет түрлері қосылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін көптеген қызмет түрлері қазіргі таңда халыққа қолжетімділікті арттыру аясында бірқатар жұмыстар атқаруда, соның…

1
0
538

ХОККЕЙ: Ресей құрама командасы бесінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Минскіде өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Ресей құрамасы шешуші ойында Финляндия командасын 5:2 есебімен тізе бүктіріп, бесінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы rosbalt.ru жазады.

Ресейліктер есепті бірінші болып ашты, алғашқы шайбаны қарсылас қақпасына дарытқан — Сергей Широков. Алайда, бірінші кезең тең нәтижемен аяқталды. Кезеңнің аяқталуына небары 3 секунд қалғанда финдіктер есепті теңестіріп үлгерді.

Ресей құрама командасы сапынан суырылып көзге түскен мына ойыншылар: Александр Овечкин, Евгений Малкин, Денис Зарипов және Виктор Тихонов.

Айта кетейік, турнир барысында Ресей құрамасы бір рет те жеңілмей, қатарынан 10 ойында жеңіске жетті. Олар осыдан екі жыл бұрын осы біріншіліктің жеңімпаздары атанған болатын.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
387