Мазмұнға өту

Жаңа

Агенттікте ЕЭК өкілдерімен кездесу өтті

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғ.І. Оразбақов ЕЭК өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Н. Алдабергенов — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қатысты. Кездесу барысында негізгі талқыланатын мәселелердің бірі алдағы ЕЭК пен монополияға қарсы органдардың тергеу жүргізу іс-әрекеттерінің тетігі болды.

0
0
273

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы туралы баспасөз ақпараты

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-kogamdyk-kenes-otyrysy-turaly-baspasoz-akparaty-astana

0
0
501

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жайы қаралды

Соңғы жылдары республикада туберкулезге қатысты жағдай елеулі түрде жақсарды.

Іс-шаралар ЖИТС-пен, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Ғаламдық қордың техникалық және қаржылай қолдауы арқылы іске асырылды.

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, одан болатын өлім-жітім 3,7 есе азайды.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com

0
0
368

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, ал одан болатын өлім 3,7 есе төмендеді.

Бұл жайлы бүгін еліміздегі туберкулезге қарсы кешенді шаралар жайы қаралған ҚР Үкіметі отырысында айтылды.

Жалпы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінің өлшемдерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда мемлекет тарапынан туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе,  ал одан болатын өлім көрсеткіші 3,7 есе төмендеді.

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалау миссиясы  Қазақстанда туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан  іс-шараларға жоғары баға берді. Қазақстанда науқастар туберкулезге қарсы 1 және 2 қатардағы препараттармен 100% қамтамасыз етілген. Ал ДДҰ-ның бұл саладағы мақсаттық көрсеткіші 85% құрайды.

0
0
538

Голубев пен Кукушкин ATP рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингінде көрсеткіштерін жақсартты, деп хабарлады Vesti.kz. Көш басында бұрынғыдай испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев 55-орыннан 53-ке, ал Михаил Кукушкин - 56-орыннан 54-орынға көтерілді. Александр Недовесов 2 сатыға түсіп, ТОП-100 қатарынан шығып қалды. Енді ол әлемнің 101-ші ракеткасы. Ал Евгений Королев 59 орынға түсіп, 622 орынға орналасты. Испандық Рафаэль Надальдан кейінгі орында сербиялық Новак Джокович пен швейцарлық Стан Вавринка. Еске сала кетейік, Францияның теннистен алғашқы ашық «Ролан Гаррос» чемпионатында Андрей Голубев британдық Энди Марреймен ойнаса, Михаил Кукушкин француз Николя Маюмен кездеседі. Басты сөздер: Әле…

0
0
213

ВЕЛОСПОРТ: Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандықтар екі алтын мен екі күміс еншіледі

Астанадағы «Сарыарқа» республикалық трегінде велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық құрама екі алтын мен екі күміс олжалады, деп хабарлайды ҚВСФ баспасөз қызметі. Жасөспірім қыздар арасында қазақстандық спортшы Надежда Женелева алтын медаль иеленді. Ал Роман Василенков Гонконг спортшысына есе жіберіп, екінші болып мәре сызығына жетті. Бұрынырақ Екатерина Юрайтис, Надежда Жанелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова қуалау (4000м) бойынша командалық жарыста алтын иеленген болатын. Ал Владислав Николаенко, Владимир Цой, Владислав Филипович пен Асылхан Тұрар кореялық командадан 3 секундқа артта қалып, екінші болып мәре сызығын аттады. Тректегі жарыстардан кейін жалпы медальдік есепте Қазақстан бесінші орынды місе тұтты (4 алтын медаль, 3 күміс және 1 қола). Еске сала кетсек…

0
0
258

«Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық үш теннисші екінші айналымға шықты

Парижде өтіп жатқан Францияның ашық чемпионатында Қазақстаннан үш теннисшісі екінші айналымға шықты. Әлемдік рейтингте 54-ші орында тұрған 26 жастағы Михаил Кукушкин өзінен алты жас үлкен франциялық теннисші Николя Маюды төрт партияда 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. М.Кукушкин үшінші айналымға шығу үшін американдық алып, бойы 208 сантиметр Джон Иснермен шеберлік байқасады. Қызық үшін айта кетелік, 2010 жылы Уимблдон турнирінде осы Д.Иснер Н.Маюмен 11 сағат 5 минут бойы ойнап, теннис тарихындағы ең ұзақ кездесуді өткізіп, тізе бүктірген болатын. Бұл матчтың құрметіне ескерткіш тақта да қойылған. Үнділік Сомдев Девварманды үш партияда жеңген Қазақстан намысын қорғап жүрген 27 жастағы Александр Недовесовтің келесі қарсыласы — чехиялық мықты Томаш Бердых. Тағы бір қазақстандық Андрей Голубе…

0
0
227

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы бір жылда 100 млн. долларға арзандап кетті

Brandirectory құрған рейтингте «Манчестер Юнайтед» екінші орыннан үшінші орынға түскен. Ұлыбританияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубы бір жылда 100 миллион долларға арзандап кетті. Былтыр 837 миллион доллар тұрған клуб биыл 739 миллион долларға дейін төмендеді. Англиялық брендтің осыншама құлдырауына биылғы маусымдағы команданың сүреңсіз ойыны себеп болған. Манчестер ішкі чемпионатта тек 7-орынға тұрақтады, ал Чемпиондар Лигасында ширек финалда сүрінді. Соның салдарынан команданың құны төмендеп, беделі түскен. 2014 жылы ең қымбат команда «Бавария» деп танылып отыр. Ол 860-нан 896 миллион долларға дейін қымбаттаған. 24 мамырда Чемпиондар Лигасының кубогын жеңіп алған «Реал» клубы Brandirectory тізімінде екінші орынға жайғасқан. Испаниялық клубтың құны 147 миллионға жоғарылады. Сонымен қа…

0
0
366

«Милан» бас жұлдызы Балотеллиден құтылудың амалын іздеуде

Итальяндық «Милан» футбол клубының басшылығы шабуылшы Марио Балотеллиді сату жөнінде шешімге келді. Бұл туралы Corriere dello Sport хабарлады. Дерек көзінің ақпаратынша, «россонери» бұл келісімнен 30 миллион еуроға жуық пайда таппақшы. Бұл қаражатты «Милан» құрамды күшейту үшін бағыттамақ. Сонымен қатар, Балотеллимен қоштасу клубқа жалақы тұрғысынан үнемдеуге жол ашады. Ойыншының жалақысына «Милан» 11 миллион еуро жұмсайды. Шешімнің тағы бір себебі командадағы ішкі ахуалды жақсарту, өйткені бұл ойыншы әрдайым өсектің ортасында жүреді. «Милан» өкілдері Балотеллиді сату мәселесін оның агенті Мино Райоламен талқылауда. 23 жастағы футболшыны өз командасына қосуға ниет танытқандардың бірі — «Монако». Осыған дейін БАҚ итальяндық футболшыға ағылшындық «Арсенал» мен «Ливерпуль» қызығушылық танытқ…

0
0
245