Мазмұнға өту

Жаңа

Джиро д’Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Астананың» велошабандозы жеңіске жетті

Джиро д’Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Astana Pro Team» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті. Ол атақты План-ди-Монтекампьоне тауында мәреге үш шақырымға қалғанда шабуылға шығып, барлық бәсекелестерін шаң қаптырды, деп хабарлайдыkazsporttv.kz. 225 шақырымға созылған 15-ші кезең Валденго мен План-ди-Монтекампьоне арасында өтті. Айта кетейік, бұл кезең атақты италиялық велошабандоз Марко Пантини құрметіне арналған. Ол бұл кезеңде 1998 жылы топ жарған. Екінші және үшінші орынды колумбиялық велошабандоздар Фабио Дуарте («Colombia») және Найро Кинтана («Movistar Team») иеленді. Ал жалпы есепте топ бастап келе жатқан тағы бір колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уран («Omega Pharma — Quick Step») мәре сызығын бесінші кесті. Бұл нәтиже оның топ тізгінін сақтап қалуға…

0
0
225

Велоспорттан Азия чемпионатында омниум велокөпсайысы жарысында Диас Өмірзақов үздік спортшы атанды

Велоспорттан Азия чемпионатында жарыстың төрт күндік қорытындысы бойынша қытайлық трекшілер 10 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді. Медальдік есепте екінші орында — Оңтүстік Корея (6 алтын және 6 қола медаль), үшінші орында — Гонконг құрамасы (3алтын, 3 күміс және 4 қола). Қазақстан құрамасы велотректен бұрынғысынша 4 медальға ие (2алтын, күміс және қола). Бүгін, 25 мамырда, жарыстар барлық жастағы ерлер мен әйелдер арасында командалық спринттің жартылай финалынан басталды, омниум (жеке қуалау жарысы) жарысының келесі кезеңімен және ерлер спринтімен жалғасты. Күннің екінші жартысында спринт бойынша финалдық жарыстар (барлық жастағы ерлер), әйелдер арасында комнадалық спринт, гит жарыстары (ерлер — 1 шақырым, әйелдер 500 метр), және омниум бойынша гит (ерлер мен әйелдер). Бүгін қазақ…

0
0
383

ММА бойынша Азия чемпионатында Қазақстанның спортшылары үш «алтын» алды

Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өтуде. «Қазақстан» спорт сарайында ақтық сайыстар аяқталды.

«77,1 келі салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов ресейлік Бек Умаровпен кездесіп, жеңіске қол жеткізді», деп жазады sports.kz.

84 келіге дейінгі дәрежеде Қазақстанның атынан шыққан Даурен Ермеков тәжікстандық Исломджон Ализодты техникалық нокаутқа жіберді.

Ал 93 келі салмақта алтынға еліміздің спортшысы Мурад Абдурахманов қол жеткізді.

Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерінің барлық жеңімпаздары анықталды.

Рингке енді М-1 challenge 48 «Battle of Nomads» кәсiби турнирiнің спортшылары шығады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
240

2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлік ісік ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Р.Мусинов төрағалық еткен кеңеске өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты. Жиында республикада жыл сайын 30 мыңнан астам қатерлі ісік аурулары анықталатыны, оның ішінде 53,6% ғана ерте сатысында анықталатыны айтылды. Жалпы бүгінгі таңда елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың электрондық тізілімінде 146 мыңнан аса адам тіркелген. Осыдан 2 жыл бұрын қабылданған онкологиялық көмекті дамытуға арналған салалық бағдарлама қазірде оң нәтижесін бере бастады. Бағдарламаның негізгі бағыттары: профилактикалық іс-шаралар…

0
0
273

Астанада өтіп жатқан аралас жекпе-жекте испандық спортшы төбелес алдында қашып кетті

Кеше аралас жекпе-жек жанкүйерлері көптен күткен M-1 Challenge 48 турниріндегі Павел Витрук пен Агоней Ромероның арасындағы төбелесті көре алмай, оның неге болмағанын түсіне алмай әлек болды. Мұндай жағдай M-1 Global туринінің 16 жылдық тәжірибесінде бірінші рет болып тұр — аренаға шығайын деп тұрған испандық спортшы жеме-жемге келгенде қашып кетті, деп хабарлайды mixfight.ru. Витрукпен жекпе-жекке шығуға өзі келісім берген, келісім шартқа өз қолымен қол қойған, Қазақстанға өз еркімен келген Ромеро барлық спортшылардың аренаға шығуына 10 минут қалғанда жоқ болып кетті. Қонақүйден шығып, бапкерлерден жасырынып, телефонын да өшіріп тастапты. Бейтаныс елде адасып кеткен шығар деген қауіппен спортшыны іздеуге бірден полиция кірісті. Бірақ одан да дым шықпады. Бапкері Испаниядағы туған-туыстар…

0
0
441

«Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама қайшы»

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау селолық округінің әкімшілік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және ауыл тұрғындарына «Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама қайшы» аттыдөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, қоғамдық қордың теологы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Атырау селолық округі әкімі Ибрашев Табылды Мырзағұлұлы…

0
0
562

«Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің»

А.ж. 23 мамырда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау қаласы, Дамбы селолық тұрғындары, қоғам қайраткерлері және белсенді жастар ұйымдарына «Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты кездесу өткізді. Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, қоғамдық қордың теологы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Дамбы селолық округі әкімі Байзуллин Ұзақбай Шораұлы және ауыл тұрғындары, қоғам қа…

0
0
535

VII АЭФ аясында ҚР ҚОСРМ басшысы Н. Каппаров бірқатар кездесу өткізді

22-23 мамыр күндері VII АЭФ аясында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров екіжақты кездесулер өткізді. Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Паулу Порташпен өткен кездесу барысында екі ел арасында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Нұрлан Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты тәжірибе алмасу мен технологиялар трансферіне қызығушылық білдіріп, инвестициялар тарту арқылы су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар министр Орталық Азия елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі үшін жағдай жасау мақсатында құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарлам…

0
0
246

Ақмолалықтар полицияға 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді.

Ақмолалықтар полицияға 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді. «BNews.kz», 26.05.2014ж. Көкшетауда ерікті түрде қару өткізу акциясының аралық нәтижелері бойынша кеңес өтті. Ақмола облысының тұрғындары акция аясында полицияға 335 қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Кеңес жұмысына қару-жарақ және оқ-дәрі сататын мамандандырылған дүкендердің басшылары да қатысты. Акцияның аралық нәтижелерін Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, майор Омархан Райымбеков Көкшетау қалалық ІІД кеңесінде жариялады. «Бүгінгі таңда ақмолалықтар ерікті түрде полицияға 335 тіркелмеген қару-жарақ, оның ішінде 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді», - дейді полиция майоры. Сонымен қатар, Омархан Боранбайұлының айтуынша, Ақмола өңірінің еріктілеріне сыйақы төле…

0
0
286