«Таза су тоғандар» табиғат қорғау науқаны
2014 жылдың 22 мамырында Халықаралық қоршаған орта күні қарсанында Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Тобыл өзенінде «Таза сутоғандар» табиғат қорғау науқанын өткізді.
Аталмыш науқанға Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев, инспекция қызметкерлері, Қостанай АІІБ табиғат қорғау полициясы қызметкерлері, Қостанай облыстық әкімдігінің табиғат ресурстары басқармасының, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС солтүстік филиалының, БАҚ өкілдері, сонымен қатар мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Нәтижесінде Тобыл өзенінің 20 шақырымнан астам акваториясы тазартылды, 300 метрдей полиамидті моножіптерден жасалған аулар алынды. Су жағалауынан көлемі 2,5 тоннадай қоқыс жиналып, полигонға жеткізілді.
«Таза сутоғандар» табиғат қорғау акциясы 2014 жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-80/

