Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордалық полицейлер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алады.

Елордалық полицейлер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алады. «BAQ.KZ», 27.05.2014ж.
Бүгін елордалық полицейлер Астана қаласының прокурорларымен бірлесіп Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында рейд өткізеді. Айта кетейік, Астана қаласының аумағында автоматты режимде бұзушылықтарды түсіретін 60 фото және бейнетіркеу жүйесі, соның ішінде 48 «Red speed» стационарлық жылдамдық өлшегіші және жол қиылыстарынан өту кезіндегі бұзушылықтарды суретке түсіретін 12 «Интегра» жол қозғалысын бақылау жүйесі жұмыс істейді.

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Астана қаласында тәртіп бұзушылардың мекенжайлары бойынша 13 мың ұйғарым жолданды. Бүгінде салынған айыппұлдардың жалпы мөлшері 177,5 млн. теңгеден асады.

Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды өндіріп алу үшін нақты шараларды қолға алды. Мысалы, көлік құралымен байланысты мәмілелер жасаған жағдайда (сату, қайта тіркеу және т.б.) әкімшілік полиция қызметкерлерімен әрбір көлік иесіне Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың болуы міндетті түрде тексеріледі. Сонымен қатар, тәртіп бұзушылардың жұмыс орындарына айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдар жолданады. Алайда Астана қаласының жеке кәсіпкерлері мен ұйымдарының айыппұлдарды уақытылы төлеуімен және оны өндіріп алумен кейбір мәселелер туындап отыр. Мысалы, биыл 17 фирма мен кәсіпорынның қызметкерлерінің жылдамдық режимін 700 рет бұзғаны тіркелді, нәтижесінде олар мемлекетке 11,5 млн. теңге төлеуі тиіс. Осыған байланысты ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың қалалық бюджетке уақытылы төленуін бақылау үшін Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп борышкерлерді аралап, рейдтер өткізеді.

ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар салынған ұйымдарға оларды 30 тәуліктің ішінде төлеуге міндеттейтін тиісті ұйғарымдар жолданады. Айта кетейік, аталған шараны өткізудің негізгі мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі кешенді шаралар қабылдау болып табылады.

0
0
262

Осы тақырып бойынша