Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алма¬саң – қасіретің
Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің болады. Қасиетін қадірлей алмаған ел қасіретке ұшырайды. Мұны тарихтан жақсы білеміз. Дін – біле білгенге рухани азық, білмегенге – от, оттан өрт шығады. Біз кеше тоталитарлық заманның сұмдықтарын көрдік, басымыздан кештік. Қазақпын деп те айта алмадық. Ана тілім – қазақ тілі деуден жасқандық. Қазір тіліміз туралы да, еліміз жайлы да еркін айта аламыз. Жаңа заман келді. Осындай күнге жетеміз деп ойладық па? Тілеуіміз оң, тәлейіміз зор болды ма, Тәуелсіздіктің арқасында осындай бақытқа бөленудеміз. Осы күнді Алаш арыстары қаншама аңсады. Осы күнді әдебиетіміздің ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезов, академик Әлкей Марғұлан да, қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаев та көре алмады. Тәубемізден жаңылмайық. Жоғарыда да айттым, жылқы мінезді халықпыз ғ…