Мазмұнға өту

Жаңа

«Жас Отан» Жастар қанатындағы кадрлық өзгерістер

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Петропавл қаласында «Жас Отан» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ХІІ есеп-сайлаулы конференциясы өтті. Конференция жұмысы барысында «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы және Қызылжар аудандық филиалының қызметі бойынша есептері тыңдалды. Күн тәртібінің екінші сұрағы ретінде «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ Атқарушы хатшысын сайлау болды. Танақұлов Мұса жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен босатылды және «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ Атқарушы хатшысы қызметіне Шаймерденов Азаматтың кандидатурасы ұсынылды. Көпшіліктің дауыс беруі арқылы ұсынылған кандидатура қабылданды. Сондай-ақ, конференцияның нәтижелері бойынша «Жас Отан» ЖҚ Кеңес құрамы жаңартылып, бастапқы бөлімшелердің қызметі туралы түсінік берілді. Конференция қорытындысында «Нұр Отан» партиясы «Жас От…

0
0
449

Қызылордаға сапар

Қызылорда облысының әкімдігіне осыдан біраз уақыт бұрын өзім басқаратын www.saigez.kz саяси сайтының атынан шығып, блог-тур өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Сыр елінен қолдау тауып, Астанада жүрген блогерлердің ішінен 7 жігітті таңдап жолға шықтық. Жолға шыққаннан бұрын, өзім бір күн ерте кетіп қалған екенмін ғой) Өйткені 12-маусым жастармен кездесу, 13-і түске дейін Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырсы өтті. Мүшесі ретінде қалмауға тырысамын. 18-көшпелі отырыс "Жасыл ел" қозғалысының жұмыстары туралы болды. Менің ұсынысым: 1) "Жасыл ел" қозғалысы жергілікті әкімшіліктермен кеңесіп отыруы қажет. Әйтпесе, Семей қаласында жастар жасағы отырғызған ағаштарға не "Жасыл ел", не әкімдік жауапты болмай, қурап қалған. 2) Экологиялық аймақтар Қызылорда, Сем…

0
0
550

«Дін мен дәстүр радикализмге қарсы»

2014 жылдың 18 маусымында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Дін істері агенттігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы» тақырыбында республиклық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференцияның мақсаты – дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара қатынас діни радикализмге қарсы тұрудағы ықпалын талдау. Конференция жұмысына ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілханов; Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Малғажыұлы Маямеров; Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие шіркеуі Мтрополит округі істерінің басшысы Геннадий Әкей; қоғам қайраткері, Ұлттық Академияның академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Фило…

0
0
694

Тәртіп сақшылары шағын футболдан күш сынасты.

Тәртіп сақшылары шағын футболдан күш сынасты. «Baq.kz», 18.06.2014ж. Қызылордада 13-15 маусым аралығында құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлері арасында республикалық шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінен құралған әрбір облыстан және екі қаладан 19 команда қатысты. Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде жарысты Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетіне қарасты Күзет қызметін бақылау басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрболат Сүйіндіков ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынның жеребе тастау дәстүрі бойынша 19 команда төрт топқа бөлініп, «Еуразия» спорт кешенінде және «Динамо» спорт кешенінде өтті. Финалға шыққан топтардан Астанадан келген команда…

0
0
371

Ашық есік күні өтті

2014 жылдың 17-маусымында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ювенальдық сот төрағасы Н.Р.Раззақ, судья Ж.Қ. Алпысбаева, Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілі А.Б. Қожахметова, «Медиацияны дамыту орталығы» қауымдастығының президенті Г.К. Нарбаева, медиатор Н.М. Төлекеева, Астана қаласы Есіл аудандық ІІБ-ның өкілі Е.К. Мәмбеталиев, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі заң кеңесінің қорғаушысы А.Қ. Карпееваның қатысуымен ашық есік күні өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ashyk-esik-kuni-otti-3

0
0
858

Талдықорғанда қызметін атқару үстінде қаза болған полицейлерге обелиск ашылады.

Талдықорғанда қызметін атқару үстінде қаза болған полицейлерге обелиск ашылады. «ҚазАқпарат», 18.06.2014ж.23 шілдеде Қазақстан полициясы күні атап өтіледі. Өңір полицейлері мерекеге арналған ауқымды шара жоспарлауда, олардың арасында Талдықорғанның орталық алаңындағы салтанатты шеру, қаза болған әріптестерінің отбасыларында болу, Мәдениет үйіндегі үлкен концерт және басқалары бар. Талдықорғанда Қазақстан полициясы күні қалалық ІІБ ғимаратының алдында қаза болған полицейлердің құрметіне обелиск ашу жоспарлануда. Статистикаға сәйкес, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында Алматы облысында 30 полицей қызметін атқару үстінде мерт болды. Соңғы оқиға 2013 жылғы 12 маусымда Қарасай ауданында тіркелді. Сол кезде қарулы қылмыскерді ұстау үстінде «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкері Ержан Ахметов қаза…

0
0
247

ӘЧ-2014: Ресей жеңiлiстен аман қалды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Ресей мен Оңтүстiк Корея құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi. Бұл матч 1:1 есебiмен тең аяқталды. Бiрiншi таймда командалар гол соға алмады. Екiншi таймда, ойынның 68-минутында кәрiстер Гын Хо Лидiң голы арқылы алға шықты. Кездесу фаворитi ретiнде алаңға шыққан ресейлiктерге ендi үлкен күшпен алға лап қою керек болды. Команданың бас бапкерi Фабио Капелло Жирковтың орнына Кержаковты алаңға шығарды және ол үмiттi ақтады. Матчтың 73-минутында Кержаков кореялықтардың қақпасына доп салды. Бұл топта үш ұпай алған Бельгия құрамасы бастап тұр. Екiншi орындарда бiр ұпаймен Ресей мен Оңтүстiк Корея жайғасқан. Бельгиядан жеңiлiс тапқан Алжир соңғы төртiншi орында қалды. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Спорт…

0
0
214

ӘЧ-2014: Бразилия Мексиканың қорғаныс шебiн бұза алмады

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде алаң иелерi Мексика құрамасымен кездестi.

Айта кетейiк, бұл қос команданың мундиальдағы екiншi ойындары. Өздерiнiң алғашқы матчтарында олар қарсыластарын жеңiп, үш ұпайдан иеленген болатын.

Бiрақ өзара ойында олар мықтыны анықтай алмады. Матч өте тартысты болғанымен, қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына гол салған жоқ.

Осылайша, «А» тобында Бразилия мен Мексикада 4 ұпайдан, ал Хорватия мен Камерунда әзiрге ұпай жоқ.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
160

ӘЧ-2014: Алжир сенсациялық жеңiстi қолдан сусытып алды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Алжир мен Бельгия құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi.

Айта кетейiк, Кампани, Ван Бюйтен, Азар сынды танымал футболшылар бастаған Бельгия құрамасы бұл кездесудiң фавориттерi деп танылған болатын. Алайда бiрiншi таймда алғашқы голды алжирлiктер пенальтидiң арқасында салып, алға шығып кеттi және бұл басымдығын матч соңына дейiн ұстап тұра алды. Дегенмен алаңға екiншi таймда шыққан Феллайни ойынның 70-минутында есептi теңестiрдi. Ал он минуттан кейiн Мартенс бельгиялықтарды жеңiлiстен құтқарып қалды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
212

Қызылордалық жас спортшы әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Тәжікстанның Душанбе қаласында үш күнге созылған әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш сайыста 90 келі салмақта қызылордалық Ердәулет Жеңіс осымен екінші рет алтыннан алқа тағынды. Ол жартылай финалда Иран спортшысын, финалда Тәжікстан спортшысын нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Ердәулет әмбебап жекпе-жек спортынан 3 дүркін Әлем чемпионы, кикбоксингтен 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы және әлем кубогының қола жүлдегері. Сонымен қатар 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әліби Қалила…

0
0
370