Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордаға сапар

Қызылорда облысының әкімдігіне осыдан біраз уақыт бұрын өзім басқаратын www.saigez.kz саяси сайтының атынан шығып, блог-тур өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Сыр елінен қолдау тауып, Астанада жүрген блогерлердің ішінен 7 жігітті таңдап жолға шықтық.

Жолға шыққаннан бұрын, өзім бір күн ерте кетіп қалған екенмін ғой) Өйткені 12-маусым жастармен кездесу, 13-і түске дейін Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырсы өтті. Мүшесі ретінде қалмауға тырысамын. 18-көшпелі отырыс "Жасыл ел" қозғалысының жұмыстары туралы болды.

Менің ұсынысым:

1) "Жасыл ел" қозғалысы жергілікті әкімшіліктермен кеңесіп отыруы қажет. Әйтпесе, Семей қаласында жастар жасағы отырғызған ағаштарға не "Жасыл ел", не әкімдік жауапты болмай, қурап қалған.

2) Экологиялық аймақтар Қызылорда, Семей, Атырау сияқты өңірлерде "Жасыл ел" жасақтарын екі есеге дейін көбейту керек немесе жергілікті балама күштер құру қажет.

Жастар да тайсалмай жалақыларының кешігіп алатындықтарына дейін барлығын ашып айтты. Ұсыныс-тілектерді Кеңес Төрағасы, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғабидулла Әбдірахимов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев түртіп алып, ескеріп, қадағалауына алатындығын жеткізді.

Осы күні Бразилиядағы әлем чемпионатының ашылу салтанатын жергілікті достарыммен бірге тамашаладым.

Ертеңінде "7 лағымды" - серіктерімді әуежайдан күтіп алып, бірден іске кірістік.

Жұмыс барысын мына альбомнан қарауға кеңес беремін.

http://el.kz/m/photos/browse/album/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B0-%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0-%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D0%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D1%82%D1%83%D1%80

Қайтар күні 15,06 - Қырымбек Елеуұлымен 1,5 сағаттау әңгімелестік. Қызықты естеліктері мен қазіргі жұмысы туралы айтып берді. Көшербаев мемуар жазса, бірінші болып сатып аламын деп шештім.

 
0
0
540

Осы тақырып бойынша

Қызылордаға сапар - Yvision.kz