«Жас Отан» Жастар қанатындағы кадрлық өзгерістер
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Петропавл қаласында «Жас Отан» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ХІІ есеп-сайлаулы конференциясы өтті. Конференция жұмысы барысында «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы және Қызылжар аудандық филиалының қызметі бойынша есептері тыңдалды.

Күн тәртібінің екінші сұрағы ретінде «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ Атқарушы хатшысын сайлау болды. Танақұлов Мұса жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен босатылды және «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ Атқарушы хатшысы қызметіне Шаймерденов Азаматтың кандидатурасы ұсынылды. Көпшіліктің дауыс беруі арқылы ұсынылған кандидатура қабылданды.

Сондай-ақ, конференцияның нәтижелері бойынша «Жас Отан» ЖҚ Кеңес құрамы жаңартылып, бастапқы бөлімшелердің қызметі туралы түсінік берілді. Конференция қорытындысында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Сыдықов Нұрлан сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметінің жақсы жағын атап өтіп, облыстық филиалының алдағы жұмысы бойынша ұсыныстар берді.
