Тәртіп сақшылары шағын футболдан күш сынасты.
Тәртіп сақшылары шағын футболдан күш сынасты. «Baq.kz», 18.06.2014ж.
Қызылордада 13-15 маусым аралығында құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлері арасында республикалық шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінен құралған әрбір облыстан және екі қаладан 19 команда қатысты.
Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде жарысты Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетіне қарасты Күзет қызметін бақылау басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрболат Сүйіндіков ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойынның жеребе тастау дәстүрі бойынша 19 команда төрт топқа бөлініп, «Еуразия» спорт кешенінде және «Динамо» спорт кешенінде өтті. Финалға шыққан топтардан Астанадан келген команда үшінші орынды жеңіп алса, ақтық сайыста Жамбыл облысын Ақтөбе командасы жеңіп 1 орынның жүлдесін қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, 19 команданың ішінен белсенді қатысқан үздік ойыншыларға да арнайы сыйлықтар табыс етілді.
