Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Жоғарғы Сотының басшылығы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2014 жылғы 13 мамырдағы №184 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-zhogargy-sotynyn-basshylygy-l-farabi-atyndagy-kazak-ulttyk-universitetine-80-zhyl-merekelik


0
0
284

Қазақстанда эндохирургиялық сала дамуда

2014 жылғы 19 маусымда «Астана медициналық университеті» АҚ базасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстан эндохирургиясының жетістіктері мен мәселелері» тақырыбында қазақстандық эндоскопиялық хирургтер қауымдастығының IV Конгресі өтті.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1608:aza-standa-endokhirurgiyaly

0
0
245

Н. Назарбаев екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты

Strategy2050.kz Қазақстан және Корея Республикасының Президенттері екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысып, бірлескен мәлімдеме жасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Екі ел президенттерінің қатысуымен төмендегідей бірқатар құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара визалық талаптарды жою туралы келісім; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік заңнама министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және болашақ жоспарлау министрл…

0
0
330

Халыққа бір табан жақындай түстік!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға және 2013 жылғы 27 мамырдағы екі жақты деңгейде мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өткен жылдың 11 қыркүйегінен бастап қызметтер Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының 10 пилоттық ауылдық почталық байланыс бөлімшелерінде (бұдан әрі - АПББ) көрсетіліп жатыр. Өткен жылдың 20 шілдесінде АПББ -ны ХҚКО ЫАЖ -ға қосу мәселесі бойынша Меморандум аясында ҚР ККМ МҚАК, «Қазпочта» АҚ мен «ҰАТ» АҚ бірлесе өткен хаттамаға қол қойылды, онда техникалық мүмкіндікті қосу схемасы келісілді. Сондай-ақ, өткен жылдың 19 тамызында бірінші…

1
0
582

Футболдан әлем чемпионатында Испанияның жолы болмады

«Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания құрамасы Чили командасынан жеңілді» деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. Рио-де-Жанейроның «Маракана» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен чилиліктердің пайдасына шешілді. Ойынның 20-сыншы минутында Эдуардо Варгас есеп ашты. Бірінші таймның соңында Карлес Арангис есепті еселеді. Сонымен Испания әлемдік футбол додасының топтық кезеңіндегі екінші кездесуін де жеңіліспен аяқтады. Осылайша, әлем чемпиондары додадан тыс қалды. Ал Чили құрамасы екінші жеңісін тойлады. Олар плей-офф турниріне жолдама алды. ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлемдік доп додасы KazSport, «Қазақстан»…

0
0
278

«Дрим-Тим» нұсқасы бойынша ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасы анықталды

Vesti.kz спорт сайты »Дрим-Тим» жобасындағы ойындарға байланысты ӘЧ-2014 бірінші турының символикалық құрамасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ойында тоғыз ұпай жинаған колумбиялық Давид Оспин үздік голкипер атанды. Үздік қақпашылар ретінде Юго Льорис (Франция), Ализера Хагиги (Иран), Венсан Эньяма (Нигерия) және Гильерме Очоа (Мексика) танылды. ӘЧ-2014 бірінші турында қақпаға бірде-бір доп жіберген жоқ. Сол қапталдағы үздік қорғаушы Пабло Армеро (Колумбия, 17 ұпай). »Ювентуса» қорғаушысы Грекияның құрамасына қарсы ойында өзін тамаша көрсетті. Матчтың ең басында ол гол соқты. Сондай-ақ ол өзінің командаластарына оңтайлы пас беріп отырды. Матс Хуммельс (Германия, 18 ұпай ) ӘЧ-2014-тегі үздік орталық қорғаушы деп танылды. Португалияның құрамасына қарсы ойында ол қақпаны өте жақсы…

0
0
285

ӘЧ-2014: Хорватия Камерунды ойсырата жеңді

«Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кездесуінде Хорватия құрамасы Камерун құрамасын ойсырата жеңді» деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. Манаустың «Амазония» стадионында өткен «А» тобындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары — Ивица Олич, Иван Перишич және Марио Манджукич (екі доп). Сонымен бір жеңілісі мен бір жеңісі бар Хорватия топтық кезеңнен плей-офф турниріне өту мүмкіндігін сақтап қалды. Ал екі ойында да жеңіліс тапқан Камерун ондай мүмкіншіліктен біржолата айырылды. ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлем чемпионаты KazSport, «Қазақстан» және «Евразия» Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі. ӘЧ-2014 жеңім…

0
0
174

Шведова әлемнің 10-шы ракеткасынан айласын асырды

Қазақстандық теннисші қыз Ярослава Шведова Хертогенбосте (Нидерланды) өтіп жатқан WTA сериясына жататын турнирдің екінші айналымына өтті. Жарыстың алғашқы кезеңінде ол әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің 10-шы сатысындағы словакиялық теннисші Доминика Цибулковамен кездескен болатын. Нәтижесінде тартысқа толы болған матч 6:2, 3:6, 6:3 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Шведова бүгінгі таңда WTA рейтингісінің 67-ші орнына жайғасқан. Осылайша бүгінгі кездесуді қоса есептегенде қос теннисші арасындағы жеке есеп 3:3 болып теңесті. Енді келесі айналымда Ярослава Шведова корт қожайыны Михаэлла Крайчекпен сынға түседі. Ол өз кезегінде бірінші турда словак Ян Чепеловтан айласын асырған еді. Осы тұста бір қызық жағдай орын алғанын да…

0
0
175

Cөз бостандығының халықаралық стандарттарын сот тәжірибесінде қолдану

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес сөз бостандығы мен ар-намыс, қадір-қасиеттің қорғалуына кепілдік береді. Барлық демократиялық елдердегі секілді, еліміздің сот органдары да осындай құқықтардың тепе-теңдігінің бұзылуы туралы азаматтардың күрделі дауларын жиі шешеді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/coz-bostandygynyn-halykaralyk-standarttaryn-sot-tzhiribesinde-koldanu

0
0
483