Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық жас спортшы әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Тәжікстанның Душанбе қаласында үш күнге созылған әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды.

Аталмыш сайыста 90 келі салмақта қызылордалық Ердәулет Жеңіс осымен екінші рет алтыннан алқа тағынды. Ол жартылай финалда Иран спортшысын, финалда Тәжікстан спортшысын нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Ердәулет әмбебап жекпе-жек спортынан 3 дүркін Әлем чемпионы, кикбоксингтен 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы және әлем кубогының қола жүлдегері.

Сонымен қатар 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әліби Қалила үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Ердәулет енді қараша айында Мәскеуде өтетін Әлем чемпионатына дайындалмақ.

Қос спортшыны жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олжас Акимов дайындады.

   
Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
359

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық жас спортшы әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы атанды - Yvision.kz