Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдықорғанда қызметін атқару үстінде қаза болған полицейлерге обелиск ашылады.

Талдықорғанда қызметін атқару үстінде қаза болған полицейлерге обелиск ашылады. «ҚазАқпарат», 18.06.2014ж.
23 шілдеде Қазақстан полициясы күні атап өтіледі. Өңір полицейлері мерекеге арналған ауқымды шара жоспарлауда, олардың арасында Талдықорғанның орталық алаңындағы салтанатты шеру, қаза болған әріптестерінің отбасыларында болу, Мәдениет үйіндегі үлкен концерт және басқалары бар.

Талдықорғанда Қазақстан полициясы күні қалалық ІІБ ғимаратының алдында қаза болған полицейлердің құрметіне обелиск ашу жоспарлануда.

Статистикаға сәйкес, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында Алматы облысында 30 полицей қызметін атқару үстінде мерт болды. Соңғы оқиға 2013 жылғы 12 маусымда Қарасай ауданында тіркелді. Сол кезде қарулы қылмыскерді ұстау үстінде «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкері Ержан Ахметов қазаға ұшырады. Қайтыс болғаннан кейін оған «Ержүректігі үшін» марапаты берілді.

Қаза болғандардың арасында өңірдің барлық 19-ға тарта қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері бар.

0
0
240

Осы тақырып бойынша

Талдықорғанда қызметін атқару үстінде қаза болған полицейлерге обелиск ашылады. - Yvision.kz