The sunday party Ағайын


Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты және де құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысының барлық басқармаларында, сондай-ақ әскери полиция бөлімшесі – 2019, 8 әскери бөлімдері және Қызылорда облыстық Қазынашылық департаментінде семинар-кеңестер өткізді. Алдын алу семинарларында барлығы 700-ден астам мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Семинарлар барысында Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Б.Жамантаев қаржы полициясымен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу және алдын алу бойынша жұмыстар, сонымен қатар сыбайлас…
Жазғы мектептің ашылуы қарсаңында. Емтиханның шарықтау шегі жеткен уақытта, мектеп оқушыларына «Жазғы мектептің» болатындығы туралы хабарлама айтқан болатын. Мұнда әр сынып белгілі бір құрылған жоспар бойынша мектепте дәріс алады және де ойын сауық құрады. Сөйтіп, оқушылар танертеңгі кезден бастап, сағат 15.00 дейін мектепте өмірінің әр сәтін кешіп отырады, білімін шынықтырумен қатар көңіл көтеруден де тыс қалмайды. Ең алдымен, зияткер оқушыларымыз мектепке келген болатын. Осы мезетте, кей оқушылар бүгінгі күні болатын жоспарларды қарастырып және оны фотоға түсіріп отырды, ал көпшілік оқушыларымыз өз достарын, сыныптастарын іздеп тұрған еді. Сондай-ақ, аса керемет жаңалық біздің мектеп оқушыларын қуантты десек те болады: біздің мектепке, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мек…
«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында орталық қалалық мешіттің 111 жылдығына арналған «Ханафиттік мазхаб - Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, Ресей, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының, ислам университеттерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен теологтар қатысты. Конференцияның мақсаты - Орталық Азияда қазіргі кезде қалыптасып отырған дәстүрлі діни қарым-қатынастар мәселелерін талқылау болды. «Ақтөбе облысында діни жағдай тұрақты, мешіттердің жұмысы жақсарды, мешіттерді ұстау, имамдарға жалақы төлеу, тұрғын үй мәселелері шешілді. Бүгінде облыста 68 мешіт, 1 медресе жұмыс істейді. 2012 жылы Ақтөбеде «Аңсар» ақпараттық-кеңес беру орталығы құрылды, олар халық ар…
2014 жылғы 19 маусымда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық ІІД-нің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген балық қорғау рейдтік іс-шаралары барысында, Түпқараған ауданының «Санасар» мекені маңында Ақтау қаласының тұрғындары отырған «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатып тексерді.
Нәтижесінде көліктен жалпы салмағы 40 кг құраған 21 бекіре тұқымдас балық табылды.
Жиналған материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобалары екінші оқылымда мақұлданды.
http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-parlamenti-mzhilisi-sot-zhuyesine-katysty-zan-zhobalaryn-makuldady

31 арнада жаңа үнді телехикасяның көрсетілімі басталмақ. 31 арна бас директоры Бағдат Қоджахметовтың айтуы бойынша, тұсауы кесілейін деп тұрған «Уәде беремін» теленовелласы – бүкіл отбасымен көруге болатын хикая. "Уәде беремін" – апалы-сіңлілі Бани, Пия және Раноның өмірі туралы теленовелла. Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді. Әрі қарай не болатынын білгілеріңіз келсе, 23 маусым күні сағат 22:00-де 31 арнаны қосыңыздар ;-) Тағы бір жақсы жаңалық – «Уәде беремін» хикаясының кейіпкерлерінің суретін «Ассам» шайының қорабынан көрс…
ЕврАзЭс ұйымы бес мемлекеттің басын біріктіріп тұрған ұйым. Ол мемлекеттер қатарына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан кіреді. Кейбір пікір танытушылар ЕврАзЭс ұйымын бұрынғы Кеңестік одақтың басқа, жаңаша формада қалыптасқан түрі ретінде көретіні рас. Алайда бұл жай ғана қате пікір ретінде қабылданғаны жөн. ЕврАзЭс-ол Одақ, мұны мойындаймыз. Бұл одақтың әрбір мүше мемлекеті өз тәуелсіздігін берік ұстанады және оған қатысты қандай да болмасын күмән туғызатын ойға ерекше сезімталдық пен үрей танытатыны айдан анық. Мүше мемлекет еуразиялық кеңістікте экономикалық құзырын жетілдіру мақсатын көздейді және оған осы мүмкіндікті ЕврАзЭс ұйымы беріп отыр. Еуразиялық экономикалық кеңістік-бұл мүше мемлекеттер арасында өзара тиімді сауда-саттық қарым-қатынас орнатуға жол ашатын о…
Жеңіс оңайға түскен жоқ. Алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші кезеңде қарғандылық ойыншылардың бірі жарақат алып, аз құрамда ойнауға тура келді. Ойынның 61-минутында Камолиддин Мурзоев есеп ашып, «Шахтер» командасын алға шығарды. Қорытынды есеп: 1:0. Виктор Кумыков, «Шахтер» ФК бас бапкері: «Ойын ойлағанымыздай болмады. Біздің жігіттерде оңай жеңеміз деген түсінік қалыптасқан, немқұрайды ойнады. Соның салдарынан әупірімдеп жүріп әзер жеңіске жеттік. Алдағы ойындарда біздің ойыншыларға осыны ескеру керек».
Бүгiн Бразилияда футбол әлем чемпионаты аясында Колумбия құрамасы Кот’Д Ивуардан 2:1 есебiмен басым түстi. Ойынның бiрiншi таймы барысында командалар алғы шепте жақсы өнер көрсеткенiмен, бiр-бiрiнiң қақпаларын ала алмады. Ал матчтың екiншi кезеңiнiң 64-минутында колумбиялық футболшы «қара пiлдердiң» өкiнiшiне орай гол салып, өз командасын алға шығарды. Осыдан кейiн африкалықтар үлкен күшпен асығыс шабуылдарға шығып, өз қақпаларына тағы бiр доп енгiзiп алды. Алғы шепке допты алып өтпек болған Кот’Д Ивуар командасының қорғаушысы қателесiп, допты қарсыластарына жіберіп алды. Бұл мүмкiндiктi колумбиялық шабуылшы Киндеро қалт жiберген жоқ, осылайша ойынның 70-минутында есеп 2:0-ге жеттi. Дегенмен көп кешiкпей, үш минуттан соң, африкалық шабуылшы Джирвиньо төрт қорғаушыны қапыда қалдырып, әдемi…