Мазмұнға өту

Жаңа

Астана қаласы Қаржы полициясы департаментінде Меморандумға қол қою рәсімі өтті

Ағымдағы жылғы 12 маусымда Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы департаменті ҚР Қаржы полициясы агенттігімен онлайн режимінде өткізілген Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысынан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық  «Жаңару» қозғалысы» Қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы, Астана қаласы кәсіпкерлікті қолдау ассоциациясы және «Қазақстан жастарының Конвенті» жеке қорымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімін өткізді.

Меморандумның мақсаты, ол қазақстандықтар қоғамының  мәдениетін құруда сыбайластық жемқорлыққа қарсы тұру күштерін біріктіріп, серіктестігін күшейтіп, өзара әрекет  ету.

0
0
333

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі  Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесуі өтті.


http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokurorynyn-ekyu-nyn-ulttyk-azshylyktar-isteri

0
0
376

Қайтыс болған науқастың жүрегі, бүйрегі, бауыры және ұйқы безі 4 адамның өмірін құтқарды

2014 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына жағдайы аса мүшкіл, басынан ауыр жарақат алған 40 жасар науқас жеткізілген.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1612:ajtys-bol-an-nau-asty-zh-regi-b-jregi-bauyry

0
0
344

Теңізші

Елімізде бұл мамандықты игеру жайы қандай?

Фото Закенова СембигалиМемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасында еліміздің дамуы үшін қол жеткізу міндетті ұзақ мерзімді жеті басымдықты атап көрсеткен болатын. Оның бірі – инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс саласы болса, мұның ішінде су көлігі туралы арнайы айтылды. Су көлігі дегенде, Қазақстандағы жалғыз порт – Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты тілге оралады. Теңіздегі тегеурінділікті нығайту, қарқынды күшейтудің бір қыры – сала мамандарының біліктілігіне қатысты. Еліміздің алдына қойған мақсаттарға біз өз ісін жақсы білетін мамандармен, бесаспап теңізшілермен жететін боламыз.

толығырақ

0
0
1295

Вьетнам соғысына қатысқан қазақ

«Жазмыштан озмыш жоқ». Жаратушы Жаббар иеңіз маңдайыңызға не жазды, соны көресіз. Бұл тек екі аяқты пендеге қатысты тәмсіл емес. Тұтас халықтың тағдырына да осындай жағдаяттар әсер етіп жатады. Бір ұлттың ішінен екіге жарылып, бір-біріне мылтық кезейтін тұсы да Алла тағаланың қалауынан шығар-ау. Әйтпесе, бір үйдің екі баласы бірін-бірі жау көретіндей не болыпты?! Әрине, саясаттың салқындығы, көзқарастың алшақтығы, дүниетанымның бөлектігі деген сияқты түрлі сылтауды алға тартуға болады. Бірақ оның өзі жазылып берген тағдыр екенін әсте естен шығармасақ керек. Қазақ жұрты Вьетнам соғысы туралы не біледі? Бір елдің ортасына құрт түсті. Қақ айырылды. Бір жағын Қытай мен КСРО қолдады. Екінші жақтағылардың қолтығына АҚШ су бүрікті. Содан қиян-кескі шайқас басталды. Шамалап алғанда, біздің Вьетна…

0
0
1533

ӘЧ-2014: Месси Аргентина құрамасына тағы бiр жеңiс әкелдi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионаты кезiнде Аргентина Иран құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Матчтағы жалғыз голды қосымша уақытта 90+2 минутында Лионель Месси салды. Ойын барысында сәттi қорғанып келген ирандықтарды әлемнiң ең үздiк футболшысы Месси алыстан тепкен соққысы арқылы сан соқтырып кеттi.

Айта кетейiк, топтық кезеңде Месси Босния және Герцоговина қақпасына гол салып, өз командасын жеңiске жетелеген болатын.

Екi кездесуде жеңiске қол жеткiзген Аргентина өз тобында 6 ұпаймен көш бастап келедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
213

ӘЧ-2014: Клозенiң тарихи голы Германияны жеңiлiстен аман сақтады

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы сенсациялық жағдайда Гана футболшыларынан жеңiлiс таба жаздады. Ойын 2:2 есебiмен аяқталды. Бұның өзi күтпеген нәтиже екендiгiн айта кетейiк. Немiс машинасы бұл кездесудiң айқын фаворитi болатын. Алайда бiрiншi таймда германиялықтардың ойынында ешқандай жүйелiлiк байқалмады. Ол кезеңде есеп ашылмады. Екiншi таймда ойынның 51-минутында Гетце гол салып, немiс командасы алға шықты. Дегенмен ганалықтар 53-минутында Айюдың арқасында есептi теңестiре алды. Ал 64-минутта Джиан африкалықтарды тiптi алға шығарды. Қатты сасқан Германия құрамасының бас бапкерi Йоахим Лев алаңға ардагер ойыншылар — Мирослав Клозе мен Бастиан Швайнштайгердi шығарды және қателескен жоқ. Алаңға ендi шыққан Мирослав Клозе бұрыштама добы кезiнде қарсыластар қақпасы…

0
0
188

ӘЧ-2014: Нигерия Босния және Герцоговина құрамасын жеңiп, плей-оффқа бiр қадам жақындады

Бүгiн Бразилия футболдан әлем чемпионатында Нигерия-Босния және Герцоговина кездесуi 1:0 есебiмен африкалықтардың пайдасына шешiлдi.

Жалғыз голды ойынның 29-минутында Одемвингие салды. Осы жеңiстен кейiн Нигерия 4 ұпай жинап, топта екiншi орын иеленiп отыр. Бiрiншi орында 6 ұпаймен Аргентина тұр. Иран құрамасы 1 ұпаймен үшiншi сатыда болса, Босния және Герцоговина бiрде-бiр ұпайсыз соңғы орынға жайғасқан.

Келесi ойынды Нигерия Аргентинамен ойнайды. Егер африкалықтар ол матчта жеңiлмесе, плей-оффқа шығады. Немесе келесi ойында Иран жеңiске қол жеткiзбесе болғаны.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
164

ӘЧ-2014: Ресей мундиальда бельгиялықтардан жеңiлiс тапты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 11-шi ойын күнiнде Ресей құрамасы Бельгиямен кездесу өткiздi. Төмен жылдамдықта өткен матчта қарсыластар ойынның соңғы минуттарына дейiн гол сала алмай келдi. Дегенмен 88-минутта Ориги бельгиялықтарды алға шығарды. Айта кетейiк, ресейлiк команда мундиальда осымен екiншi матчты сүреңсiз өткiзiп отыр. Бұның алдында Оңтүстiк Корея құрамасымен кездескен олар 1:1 есебiмен тең түстi. Ал Бельгия құрамасы бұның алдында Алжир футболшыларын ұтқан. Астана уақыты бойынша, 01:00-де Алжир мен Оңтүстiк Корея футболшылары алаңға шығады. Бұл ойынды да «Еуразия» Бiрiншi арнасынан» көруге болады. Ал 04:00-де Португалия мен АҚШ өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны «Қазақстан» мен KazSport телеарналары тiкелей эфирде тарататын болады. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сө…

0
0
269

Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз арта береді

АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіжақты байланыстарды одан ары дамыта береді деп мәлімдеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жайын талқыладық. Тараптар «технологиял…

0
0
318