Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жазғы мектептің сәтті күндері

 

Жазғы мектептің ашылуы қарсаңында.

Емтиханның шарықтау шегі жеткен уақытта, мектеп оқушыларына «Жазғы мектептің» болатындығы туралы хабарлама айтқан болатын. Мұнда әр сынып белгілі бір құрылған жоспар бойынша мектепте дәріс алады және де ойын сауық құрады. Сөйтіп, оқушылар танертеңгі кезден бастап, сағат 15.00 дейін мектепте өмірінің әр сәтін кешіп отырады, білімін шынықтырумен қатар көңіл көтеруден де тыс қалмайды.

Ең алдымен, зияткер оқушыларымыз мектепке келген болатын. Осы мезетте, кей оқушылар бүгінгі күні болатын жоспарларды қарастырып және оны фотоға түсіріп отырды, ал көпшілік оқушыларымыз өз достарын, сыныптастарын іздеп тұрған еді. Сондай-ақ, аса керемет жаңалық біздің мектеп оқушыларын қуантты десек те болады: біздің мектепке, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебіне, Атырау қаласы бойынша №16 және №31 мектептерден оқушылар келді.

   

Мінекей, жазғы мектептің ашылу салтанаты қарсаңында біздің мектепке келген жаңа қонақтарымызбен фотоға түсу сәті. Сонымен қатар, қонақтарымыздың ата-аналарымен қауышып, олардан бұл ғимаратқа келгендегі ең алғашқы да, ұмытылмас әсерлерін сұраған болатынмын. Ол кісілердің бұл зәулім білім үйіне келгендегі жан-дүниесінде сезінген сезімі ғажайып болған деген жылы жайлы сөздер айтқан еді.

Шамамен біраз уақыт өткен соң, әр сынып оқушыларына өз кураторларын таныстыру мақсатымен олардың өнерін тамашаладық. Шынымен-ақ, олардың бірге жасаған қимылдарынан, әр жанның жүзіндегі күлкісіне қарап отырып, мен мынадай ойға шомылдым: олардың бірауыздан шыққан ойы, жасаған әр іс-қимылы бірліктің арқасында емес пе? Әрине, бірлікпен жасалынған іс - әр уақытта да, атқарған жұмыстың жемісін көреді ғой.

7-8 сынып оқушыларын таңғы сергіту жаттығуларын жасауға шақыру кезіндегі кезең.

   

Кішкентай зияткерлеріміздің жаңа достарымен, мұғалімдермен, кураторлармен бірге жасайтын таңғы сергітетін билері әр жанның көңіл күйін көтеріп, жүздерін күлкімен аймалағандай секілді адамның бойында ұмытылмас әсер қалдырғаны сөзсіз...

Дәл осы уақыт аралығында 11-сынып оқушылары таңғы асты ішіп бітірген кез еді. Жазылған кесте бойынша олардың оқитын пәндері келешекте тапсырылатын мектептің ең маңызды емтиханы қатарында саналатын – IELTS емтиханына дайындық болмақшы еді.

11 «А» сынып оқушылары мен ағылшын тілінде беретін математика пәнінің мұғалімі – Пол Ш.

 

 

Оқушылардың жадында ең бірінші сөйлем өте жақсы сақталып қалды. Осымен ол: «Адамдар не айтса да, қайтсе де, өз өзіңді жоғалтпағайсың». Бұл сөздер белгілі әнші Sting-тың өлеңінен мағынасы зор, әуені құлақ пен жанға жағымды сазды тыңдадық. Бұл біздің ағылшынша ойлап қабілетімізді дамытып қана қоймай, психологиялық, моральді тұрғыдан шексіз көмек көрсетіп, тіреу бола алады.

 

   

Ал енді, бұл сергіткіш, адамның жанын наздандыратын әдемі әуендермен 11-сынып оқушыларының бірінші сабақ уақыты біткен уақыттағы билері болып табылады. Жалқаулықты ұмыттыратын, ұйқыны қаштыратын, әсіресе, денені шынықтыруға өте пайдалы жаттығулар өз кәсіптерін атқару барысында.

Бұл 7-сыныпқа болып жатырған информатикадан ауқымды тақырыпты өтіп жатыр. Жобалаудың негіздерін немесе “AutoCad” программасын компьютер көмегімен үйрену кезеңі.

       

   

Бүгінгі күнімізді әріден жалғастырамын деген үмітпен мен Арман ағайдың актер шеберлік сағатына келгенмін. Оқушыларға актер шеберлігінде болғаны өте дұрыс деп есептеймін, өйткені, олар мұнда көптеген пайдалы нәрселерді үйренеді. Мысалы, бүгін олар белгілі пародист адамдардың күнделікті жасайтын жаттығуларымен танысты. Әр түрлі ауыз қуыс, ерін жаттығулары адам дауысын өзгертіп қана қоймай, оның дикциясын мол мөлшерде жақсартады. Және де, балалар тыныштықты сақтап, көздерін жұмып, сол тыныштықтың ішінде образдарға ене бастады. Бұл адамның бойындағы актерлік қабілетті одан әрі молайтуға күш береді.
Кейін оқушыларды білетін тақпақтар мен жаттауларын жатқа айтып, оларды сазды әуенмен, әр түрлі жанрда импровизациялау қажет еді. Сүйемелдейтін музыка әрдайым қасымызда болған еді. Біреуі рок, екіншісі терме немесе классика музыка жанрларына сүйене отырып, тақпақтарын шынайы образға кіріп, оны отырған халыққа жеткізуге тырысқан еді. Тағы да айта кететін жайт, мұнда қонақтарымыздың салған әндері мен билері және көрсеткен өнерлері де бар. Оқушылардың тез арада бір бірімен коммуникативтік байланыс түзіп, бірлікте жұмыс атқарғаны өте үлкен еңбек!

 

Соңғы сағаттарында келесі 7-сыныптарлары «Менің арманым» атты тақырыпта өз ойлаған, көздеген мақсаттары мен келешектегі жоспарларын сурет түрінде қағаз бетіне түсіру қажет еді. Оқушылардың, әлбетте, өздерінің ішінде сақтаған қымбат армандары жатыр емес пе?.. Бұл оқушыларды жоғарға жетелейтін армандары мен өздерінің күштеріне сенімділігі. Ал, ең бастысы, оқушының күші деген білім қойнауында жатыр.

 
0
0
1636

Осы тақырып бойынша

Жазғы мектептің сәтті күндері - Yvision.kz