Отбасымен шай ішіп, 31 арна жүлделерін ұтып алыңыз
31 арнада жаңа үнді телехикасяның көрсетілімі басталмақ.
31 арна бас директоры Бағдат Қоджахметовтың айтуы бойынша, тұсауы кесілейін деп тұрған «Уәде беремін» теленовелласы – бүкіл отбасымен көруге болатын хикая.
"Уәде беремін" – апалы-сіңлілі Бани, Пия және Раноның өмірі туралы теленовелла. Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді.

Әрі қарай не болатынын білгілеріңіз келсе, 23 маусым күні сағат 22:00-де 31 арнаны қосыңыздар ;-)
Тағы бір жақсы жаңалық – «Уәде беремін» хикаясының кейіпкерлерінің суретін «Ассам» шайының қорабынан көрсеңіздер, сол шайды сатып алып, кодын жіберіңіз.
Күн сайын – телефоныңызға 200 теңге, апта сайын – жаңа теледидар, ай сайын – Үндістанға саяхат ұтыс ойынына қатысыңыз!
Акция туралы толығырақ біздің сайттан біле аласыздар.
