Қазақстанның ЕврАзЭс ұйымына қосылуы жайлы
ЕврАзЭс ұйымы бес мемлекеттің басын біріктіріп тұрған ұйым. Ол мемлекеттер қатарына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан кіреді. Кейбір пікір танытушылар ЕврАзЭс ұйымын бұрынғы Кеңестік одақтың басқа, жаңаша формада қалыптасқан түрі ретінде көретіні рас. Алайда бұл жай ғана қате пікір ретінде қабылданғаны жөн. ЕврАзЭс-ол Одақ, мұны мойындаймыз. Бұл одақтың әрбір мүше мемлекеті өз тәуелсіздігін берік ұстанады және оған қатысты қандай да болмасын күмән туғызатын ойға ерекше сезімталдық пен үрей танытатыны айдан анық. Мүше мемлекет еуразиялық кеңістікте экономикалық құзырын жетілдіру мақсатын көздейді және оған осы мүмкіндікті ЕврАзЭс ұйымы беріп отыр. Еуразиялық экономикалық кеңістік-бұл мүше мемлекеттер арасында өзара тиімді сауда-саттық қарым-қатынас орнатуға жол ашатын о…