Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік органдардың бірінші кезектегі міндеті
Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты және де құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысының барлық басқармаларында, сондай-ақ әскери полиция бөлімшесі – 2019, 8 әскери бөлімдері және Қызылорда облыстық Қазынашылық департаментінде семинар-кеңестер өткізді. Алдын алу семинарларында барлығы 700-ден астам мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Семинарлар барысында Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Б.Жамантаев қаржы полициясымен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу және алдын алу бойынша жұмыстар, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты жою үшін біз бірлесе күрес жүргізуіміз, ал оны әркім өзінен бастау керектігі туралы айтып өтті. Тек осы жағдай орын алғанда сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік атмосферасы орын алады және осы жамандықпен күресте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Көрнекілік үшін семинарларда кітапшалар, визиткалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Жиналғандар назарына тәжірибеде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін ынталандыру шарасы қолданылатындығы, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен азаматтарды көтермелеу туралы ережесіне түсінік берді.
Одан кейін, семинарда мемлекеттік құрылым өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі туралы өз ойларын айтып, сөз сөйледі.
