Жазғы мектептің сәтті күндері
Жазғы мектептің ашылуы қарсаңында. Емтиханның шарықтау шегі жеткен уақытта, мектеп оқушыларына «Жазғы мектептің» болатындығы туралы хабарлама айтқан болатын. Мұнда әр сынып белгілі бір құрылған жоспар бойынша мектепте дәріс алады және де ойын сауық құрады. Сөйтіп, оқушылар танертеңгі кезден бастап, сағат 15.00 дейін мектепте өмірінің әр сәтін кешіп отырады, білімін шынықтырумен қатар көңіл көтеруден де тыс қалмайды. Ең алдымен, зияткер оқушыларымыз мектепке келген болатын. Осы мезетте, кей оқушылар бүгінгі күні болатын жоспарларды қарастырып және оны фотоға түсіріп отырды, ал көпшілік оқушыларымыз өз достарын, сыныптастарын іздеп тұрған еді. Сондай-ақ, аса керемет жаңалық біздің мектеп оқушыларын қуантты десек те болады: біздің мектепке, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мек…