Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының жиналысы туралы
2014 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП астаналық «Бірлік» филиалының «Экология» бастауыш партия ұйымының ашық жиналысы өтті. Жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы – ҚР ҚОСРМ жауапты хатшысы Анатолий Дерновой жүргізді. Басқосу барысында Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Еуразиялық экономикалық интеграция – бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы баяндама жасады. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры Әуелбек Заурбеков еуразиялық интеграцияның елімізде су ресурстарын басқару процессіндегі маңызы жөніндегі дәріс оқыды. Еуразиялық экономикалық одақтың даму перспективаларын талқылауға «Қазгидромет» РМК бас директоры Айбек Меңдіғар…




