Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы агенттігінде ҚР ЭСЖКА Төрағасы Рашид Түсіпбековтің IAACA Бас хатшысы Ю Фенгпен кездесуі өтті

2014 жылғы 26 маусымда Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Р.Т.Түсіпбековтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволардың Халықаралық қауымдастығының (IAACA) Бас хатшысы Ю Фенгпен кездесуі өткізілді.
Кездесу IAACA Хатшылығына ағымдағы жылғы қазанда Астана қаласында өтетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволардың Халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы 8 мәжілісін өткізілетінін хабардар ету мақсатында өткізілді.
Сондай-ақ шетелдік делегацияның құрамында ҚХР Жоғарғы халықтық прокуратурасының Өлім жазасын мониторингілеу жөніндегі департаменті Директорының орынбасары Джанг Цяньюнь, ҚХР Жоғарғы халықтық прокуратурасын орталық аппаратының бөлім бастығы Цю Джингхюй, IAACA хатшысы, ҚХР Куанкси провинциясы прокуратурасының прокуроры Денг Гуангминь келді.
Кездесу барысында тараптар аталған іс-шараны өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволардың халықаралық қауымдастығы (IAACA) БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын имплементациялаудың тиімділігін аттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың өзара кеңестерін қамтамасыз етуге көмек көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ұсынымдар әзірлеу мақсатында 2006 жылы құрылған.
2006 жылғы желтоқсаннан бастап Қаржы полициясы агенттігі Қауымдастықтың құқылы мүшесі, қазіргі уақытта 140-тан астам мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдары оның қатусышылары болып табылады.
Бұдан басқа, 2013 жылғы 22-24 қарашада Панамада Қауымдастықтың жыл сайынғы 7-мәжілісінің шеңберінде Агенттік Төрағасы Р.Түсіпбековтің Қауымдастықтың Атқарушы комитетінің құрамына қосылғаны туралы хабарланды.

0
0
463

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы агенттігінде ҚР ЭСЖКА Төрағасы Рашид Түсіпбековтің IAACA Бас хатшысы Ю Фенгпен кездесуі өтті - Yvision.kz