Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Мессидiң дублiнiң арқасында Аргентина Нигерияны тiзе бүктiрдi

 

Бүгiн Бразилияда әлем чемпионатында өткен Аргентина-Нигерия кездесуi 3:2 есебiмен аяқталды.

Бұл матчта аргентиналықтар сапынан Лионель Месси дубль авторы (3, 45+1 минуттарда) атанса, Маркес Рохо мундиальдағы алғашқы голын (50 минут) салды.

Ал нигериялықтардан Ахмед Мұса 4-ші және 47-шi минуттарда Аргентина қақпасына екi гол тоғытты.

Осы жеңiсiнен кейiн Аргентина F тобында 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Нигерия құрамасы да 4 ұпаймен 1/8 финалға жолдама алып отыр.

Ал Босния және Герцеговина мен Иран құрамалары плей-оффқа шығар мүмкiндiктен қағылды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
164

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Мессидiң дублiнiң арқасында Аргентина Нигерияны тiзе бүктiрдi - Yvision.kz